Алматы қаласындағы Сәтбаев атындағы университет алаңында абаттандыру жұмыстары жүргізілді

Алматыдағы Сәтбаев университетінде 77 сирень, раушан, қарағай көшеттері отырғызылды. Жобаны Fix Price компаниясы «Игі істерді бірге жасайық» әлеуметтік жауапкершілік бағдарламасы аясында университет әкімшілігі және жергілікті табиғатты қорғау белсенділерімен бірлесе отырып жүзеге асырды.

Іс-шараға университет басшылығы мен студенттер, сондай-ақ экологиялық белсенді және ЭКО желісінің негізін қалаушы Евгений Мұхамеджанов қатысты.  35 сирень, 35 сириялық раушан, 7 жас қарағай жалпы саны 77 көшет отырғызылды.

Университет басшылығы студенттердің экологиялық санасы мен жауапкершілігін арттыру үшін мұндай бастамалардың маңыздылығын атап өтті.

“Fix Price экологиялық бастамаларға ерекше мән беріп, жастарды көгалдандыру және абаттандыру жобаларына тартады. Біз үшін тек айналаны көркейту ғана емес, сонымен қатар өскелең ұрпақты табиғатты құрметтеуге баулу маңызды. Бұл науқан Қазақстандағы “Бірге игі істерге” бағдарламасының алғашқы қадамдарының бірі болып табылады және біз оны еліміздің басқа аймақтарында да кеңейтуді жоспарлап отырмыз”, – деді  Қазақстандағы Fix Price директоры Алексей Ермаков.

Университет басшылығы жаңадан отырғызылған өсімдіктерді үнемі күтіп-баптап, суаруды қамтамасыз етеді. Fix Price Қазақстанда «Игі істерді бірге жасайық» бағдарламасын жүзеге асыруды жалғастыруды жоспарлап отыр.