Алматы қаласының Мәдениет басқармасы Алматы хайуанаттар бағының жұмысына қатысты ақпарат берді

Алматы хайуанаттар бағы жұмысын бұрынғы жерде жалғастырып келеді, басқа қалаға көшіру жоспарда жоқ.

Алматы қаласының аумағын дамыту жоспары аясында хайуанаттар бағын халықаралық стандарттарға сәйкес зоогеографиялық қағида бойынша жаңғырту мен реконструкциялау көзделген.

Биыл жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша байқау жариялау жоспарланған. Реконструкциялау жұмыстары кезең-кезеңімен 2028 жылға дейін жүзеге асырылады.

Жоспарланған реконструкциялау аясында жүргізілетін жұмыстар жануарларды ұстау жағдайын айтарлықтай жақсартып, хайуанаттар бағына келушілер үшін жайлылық деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Алматы қаласының Мәдениет басқармасы

Басты сурет: inform.kz

Telegram-канал: Алматинский зоопарк не планируется переносить в другой город