Алматы маңында Сиверс алмасының 1100 көшеті отырғызылды

 Алматы маңындағы көрікті Қисықсай шатқалында Geely Community экологиялық қауымдастығының мүшелері Сиверс алмасының 1100 көшетін отырғызды. Бұл – қазіргі барлық алма сорттарының арғы тегі саналатын ежелгі жабайы алма түрі. Ағаш отырғызу Geely Go: «Терең дем ал» жобасы шеңберінде өтті. Жобаның мақсаты – Қазақстанның табиғи мұрасын сақтау және өңірдің экологиялық жағдайын жақсарту.
Бастама G Motors Kazakhstan (Geely маркасының Қазақстандағы ресми дистрибьюторы, Orbis Auto тобының мүшесі) компаниясының ұйымдастыруымен іске асты. Ағаш отырғызуға Geely автокөліктерінің иелері, еріктілер, экологиялық қауымдастық мүшелері мен жергілікті тұрғындар қатысты.
Компания өкілдері атап өткендей, Сиверс алма ағаштарын отырғызу бастамасын қолдау арқылы Geely Алматы өңірінің символын сақтауға өз үлесін қосып, барлық алма сорттарының арғы тегі болып саналатын бұл бірегей түрді қалпына келтіру дәстүрін жалғастырып отыр. G Motors Kazakhstan директоры Регина Амерханова экологияны қорғау – компания үшін бір реттік акция емес, саналы таңдау және корпоративтік философияның бір бөлігі екенін айтты
«Біз болашақтың технологиялары туралы жиі айтамыз, бірақ нағыз болашақ қарапайым істерден басталады. Ағаш отырғызу, таудағы соқпақты тазалау, өз өңіріңнің символын сақтау – нағыз экологиялық жауапкершілік осы. Бұл біз үшін жай тренд емес, корпоративтік философия. Geely Community – өзгерісті сөзбен емес, қолымен жасайтын адамдардың бірлестігі»
Geely Go экожобасы – табиғатты қорғауға бағытталған бастамаларды жүзеге асыратын, бір көзқарастағы адамдар тәжірибе алмасып, бірлескен сапарлар жасап, идеяларын ортақ іске айналдыратын алаңға айналды. Биыл маусым айында қауымдастық мүшелері Алматыда «Тау тазалығы үшін бірге» акциясын өткізіп, танымал туристік бағыттардан 40 келіден астам қоқыс жинады.
Мұндай бастамалар Geely компаниясының ESG (Environmental, Social, Governance) қағидаттарына негізделген жаһандық стратегиясымен толық сәйкес келеді. Компания көміртек ізін азайтуға, таза энергия технологияларын дамытуға және бизнесінің барлық бағыттарында тұрақты тәжірибелерді енгізуге ұмтылады.
Қисықсай шатқалында Сиверс алмасын отырғызу – Geely Community-дің табиғатты қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру жолындағы кезекті маңызды қадамы болды. Әрбір отырғызылған ағаш – Қазақстан халқының болашағы мен биологиялық алуан түрлілікті сақтауға қосылған үлес.
Бүгінде Geely-дің дилерлік желісі Қазақстанның бүкіл дерлік аумағын қамтиды: бұл брендтің автокөліктері елдің 17 қаласындағы 23 дилерлік орталықта ұсынылған.