Алматы метрополитені жолаушылары жол ақысын QR арқылы төлей алады

Алматы метрополитенінде қалалық қоғамдық көлік қызметінің сапасын арттыру мақсатында 16 сәуірден бастап пилоттық режимде жолақы төлеудің жаңа тәсілі енгізіледі. Бұл баламалы төлем тәсілі жолаушыларға интернет желісіне қосылмай-ақ QR-код арқылы жолақы төлеуге мүмкіндік береді.

Аталған шешім жерасты инфрақұрылымының ерекшеліктерін ескере отырып әзірленіп, метрополитенді пайдалану ыңғайлылығын арттыруға бағытталған.

Жаңа тәсіл бойынша жолақыны төлеу үшін:

  1. ONAY! қолданбасын телефонда ашыңыз.
  2. Негізгі беттің  төменгі жағында QR түйменібасыңыз.
  3. «QR кодты жасау» таңдаңыз-ол байланысболмаған кезде де жасалады.
  4. QR кодты турникеттегі камераға көрсетіңіз.
  5. Жүйе балансты тексереді, турникет ашылады.

 Бұл – жолаушыға динамикалық түрде жасалған QR код арқылы сапарды тіркеуге мүмкіндік беретін технология, мобильді қолданба үшін интернетке кіру қажет емес, қолданба офлайн режимде кодты шығарады. Басқаша айтқанда, егер әдеттегі нұсқада статикалық терминал QR шығарып, пайдаланушы оны мобильді қосымшаның көмегімен оқытса – бұл технология бойынша QR тікелей қосымшада жасалады және жолаушы оны арнайы камерамен сканерлеп турникетке қол жеткізе алады.

Алматы метросы көлік саласының ажырамасбөлігі болып табылады, күн сайын метро 100 мыңнанастам жолаушыны тасымалдайды, оның 65% – дан астамы ONAY! Бірыңғай көліктік және жеңілдігі бар карталарымен жол ақысын төлейді.

Естеріңізге сала кетейік, метрополитенде жолақысын бірнеше тәсілмен төлеуге болады: жетонмен, банк картасының көмегімен, метроның жол жүру ақысын толықтыратын смарт-картасымен немесе ONAY! көлік картасының көмегімен. Барлық төлем әдістері әдеттегідей қолжетімді болады және QR-мен бірге жұмыс істейді.

Сонымен қатар, жолаушыларға ыңғайлы болуы үшін барлық метро станциялары қосымша жабдықтармен қамтамасыз етілетін болады.

Алматы қаласының баспасөз қызметі

Telegram-канал: Алматылықтар үшін жақсы жаңалық!