Almaty Museum of Arts музейі Architectural Digest тізіміне енді

Architectural Digest халықаралық басылымы 2025 жылдың ең қызықты және асыға күтілетін жаңалықтардың тізімін жариялады. Тізімге АҚШ, БАӘ, Жапония, Франция, Нидерландыдан 11 музейдің және де Нұрлан Смағұловтың қазіргі заман өнеріне арналған Almaty Museum of Art жеке музейі енді.

Almaty Museum of Arts топтамасының негізін қазақстандық суретшілердің, атап айтқанда Айша Ғалымбаева, Салихиддин Айтбаев, Әбдірашит Сыдыханов, Рустам Халфин, Ербосын Мелдібековтің туындылары құрайды. Сонымен қатар, музейде шетелдік суретшілер – Ричард Серра, Ансельм Кифер, Билл Виола, Александр Кальдердің туындылары да орын алады.

Музей ғимаратын Сан-Францискодағы Заманауи өнер музейі, Бильбаодағы Гуггенхайм музейі, Дохадағы Катар Ислам өнері музейі және Париждегі Помпиду орталығында жобаларды жүзеге асырған Lord Cultural Resources халықаралық музейлерді жоспарлау жөніндегі консалтинг компаниясымен бірлесіп Chapman Taylor британдық сәулет бюросы жобалаған.

Музейде тұрақты көрмелерге арналған көптеген залдар, сонымен қатар табиғи жарық түсіп тұратын төбе биіктігі 12 метр, ауданы 1000 шаршы метр құрайтын уақытша көрмелерге арналған зал бар. Мұндай залдың болуы кез-келген халықаралық деңгейдегі көрмелерді өткізуге мүмкіндік береді. Ғимаратта температура, ылғалдылық және жарықтандыру бойынша музей ісінің барлық стандарттары қатаң сақталады. Музейдің инженерлік жобасын Buro Happold британдық консалтинг компаниясы жасаған. Компания өз тәжірибесінде Абу-Дабидегі Лувр, Лондондағы Британ музейі және Лос-Анджелестегі LACMA музейі үшін инженерлік шешімдерді әзірлеген.

Almaty Museum of Arts жобасының мақсаты — Алматыда қалалық инфрақұрылымның маңызды бөлігіне айналатын және өңірдегі туризмді дамытуға ықпал ететін бірегей мәдени орталық құру.

Architectural Digest сарапшылары атап өткен музейлердің қатарына Fondation Cartier pour l’Art Contemporain (Париж), Palais de la Découverte (Париж), FENIX (Роттердам), Studio Museum in Harlem (Нью-Йорк), New Museum (Нью-Йорк), Lucas Museum of Narrative Art (Лос-Анджелес), DATALAND (Лос-Анджелес), Guggenheim (Абу-Даби), Zayed National Museum (Абу-Даби), Naoshima New Museum of Art (Жапония) музейлері кірді.

Telegram-канал: Almaty Museum of Arts музейі Architectural Digest тізіміне енді