Алматы облысында 9 жыл бойы Ауған соғысының ардагеріне су мәселесін шешіп бере алмай жатыр
Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының алаңында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңестің кезекті отырысы өтті.
Кеңесте қаралған мәселелердің бірі Алматы облысы Ұйғыр ауданының жеке секторындағы сумен жабдықтау мәселесі болды. Кәсіпкер, екінші топтағы мүгедек және Ауған соғысының ардагері Бахавдун Халиков 9 жыл бойы Арасан учаскесінің (Шонжа-Қалжат автожолының 54 км) тұрғындарында 8 үй иелеріне және мал ұстауға ауыз сумен қамтамасыз етуде проблемалар бар екенін айтты.
Оның айтуынша, 1971 жылы бұрғыланған өздігінен төгілетін ұңғыма 2009 жылы жеке тұлғаның санитарлық аймағына берілген. Содан кейін ұңғыма 2014 жылдың қарашасында 49 жыл мерзімге басқа жеке тұлғаға жалға берілді.
Ұңғыманы алу және беру циклі бірнеше жылға созылды, содан бүгінгі күнге дейін осы аймақтың тұрғындары ауыз сумен қамтамасыз етілмеген.
«Одан бөлек, 1996 жылы мен осы ұңғымадан 0,5 литр/сек сумен қамтамасыз етілетін жанармай құю бекетіне жер учаскесін сатып алдым. Бүгінгі таңда мен бұл су көлемін алмаймын», — деп қосты кәсіпкер.
Ауған соғысының ардагері шаруа қожалығынан басқа, соғыс мүгедектері мен балаларды оңалту үйінің құрылысын бастайтынын айтты.
«Біз барлық инстанцияларға жүгіндік. Бірақ су мәселесі жылдар бойы шешілмеген күйінде қалып отыр. Енді «Атамекеннің» және осы Кеңестің арқасында біз бұл тақырыпты жабамыз деп үміттенеміз», — деді кәсіпкер.
Кеңес мүшелері бұл мәселені ерекше назарға алды. Нәтижесінде суды шектеудің заңдылығын жергілікті атқарушы орган тексеретін болады. Содан кейін кәсіпкер талап арыз береді, онда оны Алматы облысының Кәсіпкерлер Палатасы алып жүреді.
Отырыста білім беру саласындағы лицензиялау, электр энергиясын тұтыну қуатын ұлғайту және қосымша есептелген салық міндеттемелерімен келіспеу сияқты басқа да мәселелер көтерілді.
Мәселен, «Дана» жеке білім беру мектебінің қаржы директоры Дана Төлегенқызы да өз мәселесін шешуге өтініш білдірді. Директордың айтуынша, мектептің Талғар және Іле аудандарында орналасқан бірнеше ғимараты бар. Алайда, білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияның қолданылуы бастапқыда тіркелген Талғар ауданымен ғана шектеліп тұр.
«Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Заңға сәйкес, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерге ауыл, кент, ауылдық округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс жатады. Сәйкесінше, «Дана» мектебінің лицензиясы Талғар ауданымен шектелмей, Алматы облысы бойынша қолданылуы мүмкін», — деп түсіндіріп өтті облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментінде.
Нәтижесінде, Кеңеске түскен өтініштер негізінде барлық уәкілетті органдарға ұсыныстар жіберіледі.