Алматы облысында БАҚ өкілдерінің қатысуымен рейдтік іс-шаралар өткізілді

Алматы облысы Қапшағай су қоймасының қалалық коммуналдық жағажайларында БАҚ өкілдерінің қатысуымен түнгі рейдтік іс-шаралар өткізілді.

Құтқарушылар тәуліктің қараңғы уақытында суда шомылатын заң бұзушыларды анықтау үшін дауыс зорайтқыштармен және тепловизорлармен жабдықталған дрондарды пайдалана отырып, қалалық жағажайлардың жағалауларына патрульдеу жүргізді. Қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін күн сайын 100-ге жуық құтқарушы Алматы облысының су айдындарын патрульдейді.

Шомылу маусымы басталғаннан бері Алматы облысы ТЖД қызметкерлері облыстың су айдындарында 7000-ға жуық рейд жүргізді және Алматы облысының 200-ге жуық тұрғынына судағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін миллиондаған айыппұл салынды.

Шомылу маусымы басталғалы судағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін 217 адам жауапқа тартылды. ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабына сәйкес айыппұлдардың жалпы сомасы (су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе орындамау) 3 343 106 теңгені құрады.

БАҚ өкілдері рейдтік іс-шараларға қатысып, құтқарушылар жұмысының күрделілігін сезінді. Алматы облысының ТЖД азаматтарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі