Алматы облысында су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жинау басталды

Табиғи апат аймағындағы тұрғындарға көмек қолын созамын деген волонтерлер мен облыс тұрғындары үшін Қонаев қаласындағы Центральная 19 мекенжайында арнайы пункт ашылды.
Бұл ретте облыс тұрғындары үшін күн сайын сағат 9.00-ден 18:30-ға дейін көмек алу пункті ашық болатынын хабарлаймыз.
Гуматинарлық көмек болуы керек:
-киім-кешек;
-азық-түлік;
-игиеналық заттар;
-жөргек-жайлықтар;
-тұрмыстық заттар.
Маңызды: әрбір зат сұрыпталып, арнайы жәшікке салынуы тиіс. Қолданылған, ескі заттарды беруге тыйым салынады.
Анықтама үшін: Дидар Жұмахан, +7 747 177 12 51