Almaty Puppet Festival» қуыршақ театрлары фестивалі өтеді

10-14 қазан күндері аралығында Мемлекеттік қуыршақ театры III Халықаралық «Almaty Puppet Festival» қуыршақ театрлары фестивалін өткізеді.

Биылғы өнер додасына Италия, Испания, Иран, Үндістан, Ресей, Болгария, Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстан елдерінен келген 15 үздік театр ұжымы мен 150-ге жуық кәсіби қуыршақ шебері қатысады.

Бұл фестиваль – қуыршақ театры өнерінің көпқырлы мүмкіндігін паш ететін, түрлі елдердің шығармашылық ұжымдарын тоғыстыратын маңызды мәдени оқиға.