Алматы тұрғындары мен қала қонақтарын «ЮНЕСКО-ның суасты мәдени мұрасы» фотокөрмесімен таныстырады
ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Өңірлік кеңсесі және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі бірлесіп 2024 ж. 16-23 қыркүйек аралығында Алматы тұрғындары мен қала қонақтарын «ЮНЕСКО-ның суасты мәдени мұрасы» фотокөрмесімен таныстырады.
Мұхиттар, теңiздер, көлдер мен өзендердің түбі баға жетпес қазыналарға толы және ол бізге белгiсiз әрі бағаланбаған күйiнде қалып отыр. Алайда суасты мәдени мұралары (САММ) қазына іздеушілік, тонаушылық және коммерциялық пайдаланудан туындайтын қауіп-қатерлерге тап болуда. Оның сақталуына қоршаған ортаның бұзылуы мен климаттың өзгеруі, жағалау маңындағы аймақтарды игеру мен теңіз ресурстарын пайдалануды арттыратын технологиялық дамуы да қатар қауіп төндіруде.
Ешкім білмейтін нәрсені қорғай алмайды. Атақты капитан Жак-Ив Кусто айтқандай: «Біз тамсанғанымызды жақсы көреміз және жақсы көргенімізді қорғаймыз». Бүгінде бұл суасты мұраларына тонаушылық пен коммерциялық пайдаланудың қатерлерімен қатар, жаһандық жылыну, судың қышқылдануы мен ластануы да өз әсерлерін тигізуде.
2018 жылы Жерорта теңізінің екі жағындағы Италиялық және Тунистік континенттік жағалаулық топтарға ұйымдасқан сегіз ел суасты мәдени мұраларын қорғау және зерттеу үшін күш біріктірді. Бұл 2022 жылы басталған ЮНЕСКО демеушілігімен бұрын-соңды қолға алынған суасты мәдени мұраларын қорғау бойынша ең үлкен және ең озық халықаралық миссияның бастамасы болды.
Алжир, Хорватия, Египет, Франция, Италия, Марокко, Испания және Тунистен келген зерттеушілер осы халықаралық суасты археологиялық миссиясы шеңберінде ынтымақтасты. Ол «Альфред Мерлин» француз ғылыми кемесінің бортында 14 күн бойы өтті және екі дербес жобаны қамтыды:
- «Скерки Банкі, Тунис континенттік жағалауы»;
- «Балларда-МакКанның ізімен (1980-2000 жылдардағы американдық экспедициялар), Италия континенттік жағалауы».
Фотокөрмеде музей қонақтарына суасты мәдени мұраларын бейнелейтін 25-тен астам жұмыс ұсынылмақ.
Көрменің ашылуы: 2024 ж. 16 қыркүйек, сағат 16.00-де.
Мекен-жайымыз: Самал-1, 44 үй.