Алматы жаңа жыл қарсаңында әуежайдан бастап ерекше жарқырап тұр

Алматы Жаңа жылды жарқыраған әрі ғажайып сән-салтанатпен қарсы алуға дайындалып жатыр. Қала халықаралық әуежайдан бастап безендірілген. Мерекелік жарықтандыру Майлин көшесінен басталып, Бұқтырма көшесі арқылы жалғасады. Әрі қарай безендіру жұмыстары Құлжа тас жолы арқылы қаланың сегіз ауданымен үйлесімді жалғасқан.

Көше бойындағы ағаштарға жарқыраған гирляндалар ілінген. Жолдардың бойына ұлттық нақышта безендірілген кронштейндер орнатылған. Магистральдар бойына ілінген Қазақстан туы мерекелік безендіруге салтанатты реңк беріп тұр. Сондай-ақ, Құлжа тас жолындағы «Халық Арена» мұз сарайы да өзіне назар аудартпай қоймайды. Ол алаңда биіктігі 20 метр болатын әсем шырша және жаңа жылдық инсталляциялар орнатылған. Шаһардың әр бұрышы қала тұрғындары мен қонақтарына Жаңа жылдың жақындап қалғанын сездіріп, мерекелік көңіл-күй сыйлап тұр.