Алматыда 7-ші жыл сайынғы «Ticketon Awards» марапаттау рәсімі өтті

Кеше Алматыда Almaty Theatre алаңында жыл сайынғы «Ticketon Awards» сыйлығының жеңімпаздары марапатталды. Халықтық дауыс беру арқылы еліміздің заманауи мәдениеті, өнер, спорт және қоғамдық өмір саласындағы ең танымал қайраткерлер анықталды.

8 ақпаннан 11 наурыз аралығында дауыс берушілер 34 номинация мен 7 санат бойынша 300-ден астам қатысушылардың ішінен өз таңдаулыларын жасады. Әрбір қазақстандық өткен жылғы Қазақстандағы мәдениет және спорт саласына ең елеулі үлес қосқандар үшін өз дауысын бере алды. Барлығы 150 000-нан астам дауыс берілді.

«Қазақстанның жыл әртісі» номинациясы бойынша 1011 дауыс жинап, Садраддин жеңімпаз атанды. Бұл жас әртіс қазақстандықтардың жүрегін жаулап үлгерді, оның концерттеріне мыңдаған жанкүйерлер жиналады. «Жылдың концерттік гастрольдік іс-шарасы» номинациясында танымал рэп әншісі 50 Cent концерті 878 дауыс жинап, жеңіске жетті. Ол өткен жылдың 28 қарашасында Алматыда «The Final Lap Tour» туры аясында өтті. Көпшілік үшін әншінің концерті ұмытылмас болды.

«Жылдың киноактері» номинациясында «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмінде басты рөлді сомдаған Бақыт Қажыбаев 2647 дауыспен жеңіске жетті.

Дауыстарды санау қорытындысы бойынша «Жылдың киноактрисасы» кезекті номинациясына Дариға Бадықова ие болды. Актриса «Таптым-ау сені» комедиясында басты рөлді сомдады, әрі осы фильмнің продюсері.

Жеңімпаздардың толық тізімі https://award.ticketon.kz/ сайтында жарияланған.

Биыл марапат жеңімпаздарын құрметтеуге 700-ге жуық қонақ келді. Қызыл кілеммен Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері, театр және кино актерлері, театр, кинотеатр жетекшілері, блогерлер мен спортшылар, сондай-ақ ивенттің серіктестері жүріп өтті. Жарияланған номинациялардың жеңімпаздары көрермендердің ерекше қошеметіне бөленді.

«Ханымдар мен мырзалар! Өткен жыл еліміздегі өнер, спорт және мәдени шаралар бойынша рекордты жылдардың бірі болды. Мұны өткен жылы билет сатудан рекордтық деңгейге жеткен Ticketon порталынан көруге болады. Біздің елдегі өнер индустриясы қазір шынымен өркендеу үстінде, ал талант бұрынғыдан да маңызды. Біз өте дарынды адамдардан құралған жас мемлекетпіз және жыл өткен сайын мұның дәлелін көріп келеміз. Туған жерінде де, шетелде де жетістіктерге жетіп жүрген азаматтар көбейіп келеді. Біз елімізде өнердің дамуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз, ал Ticketon заманауи технологияларды қолданысқа енгізу және бұл процесті мүмкіндігінше цифрландыру, іс-шараларға қатысуды одан да ыңғайлы ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда», — деді Freedom Holding Corp. басшысы Тимур Турлов.

«Біз жүлдемізді осымен жетінші рет өткізіп отырмыз, Қазақстандағы қайғылы оқиғаларға байланысты шараны кейінге қалдырдық және бірнеше апта бұрын сайтымызда қайырымдылық акциясын бастаған болатынбыз. Мен бұл бастаманың бүгінде жалғасын табуын қалаймын және сіздер көмектеріңізді экранда көрсетілетін QR код арқылы жібере аласыздар.  Жиналған қаражатты көмекке мұқтаж жандарға аударамыз, бұл үшін  «Мен Алматылықпын» ҚБ, Freedom Finance сияқты серіктестеріміз көмектеседі. Белсенділік танытқандарыңыз үшін рахмет!» — деп Freedom Ticketon компаниясының бас директоры әрі марапатты ұйымдастыру комитетінің төрағасы Виктория Торгунакова атап өтті.

Салтанатты шараны ұйымдастырушылар танымал қазақстандық әртістер — Дильназ Ахмадиеваның, опера әншісі Айгерим Шарипбектің, саксофонист Ярослав Фридманның және талантты жас орындаушылар – Ғазизханның өнерлері мен Айнұр Тұрысбектің жобасындағы әртістерден құралған  «Ниет» атты балет номерін әдемі үйлестіре алды. Тосын сый болып келген қазақстандық “Ирина Қайратовна” рэп-группасы көрермендерге ұмытылмас әсер қалдырды.

Жеңімпаздар, әртістер және залдағы барлық қатысушылар мерекелік эмоцияларға толы көңіл-күйлерін жасырмады. Әртістердің жетістіктерін мойындап, құрмет көрсету олардың үлкен белесті бағындырғандарының көрінісі ғана емес, олардың шығармашылығын одан әрі дамытудың жаңа кезеңі мен ынталандыруы болды.