Алматыда алғаш рет Casa Pasión испан мәдениетінің фестивалі өтеді
Қазақстанда алғаш рет Casa Pasión by Campo Viejo испан мәдениетінің фестивалі өткізіледі. Ол 27 сәуірде Алматыда өтеді. Толық бағдарлама мен лайн-ап әзірге құпия, бірақ қазірдің өзінде билеттерді ең төменгі бағамен сатып алуға болады..
Casa Pasión — бұл Campo Viejo шарап брендінің фестивалі, ол Испанияда, ал биыл оның аумағынан тыс жерде, Қазақстанда өтетін болады. Casa Pasion аудармасы «ғанибет үйі» дегенді білдіреді, ол эксперименттерге ашықтық, өз ойын білдіру еркіндігі және рухы жақын адамдардың ортасы сияқты жоба құндылықтарын таратады.
Биылғы Алматы фестивалінің тақырыбы — Sobremesa. Бұл адамдар тамақтанғаннан кейін дастархан басында, бір-бірімен араласып, әңгімелесуден ләззат алатын уақыт. Casa Pasión sobremesa атмосферасын жасайды және атақты шеф сомельенің жетекшілігімен ұзын үстел басындағы және ұзақ әңгімелерімен жалғасатын гедонизм мерекесі — жабық кешкі ас өткізеді.
Сондай-ақ, фестиваль қонақтарын VR-технологияларды пайдалана отырып шарап дәмін тату, арт-объект, жанды музыка, блогерлермен шарап және испан мәдениеті туралы опен-толк күтеді.
Early birds билеттері сілтеме бойынша сатып алуға болады.
«Алматы — Қазақстандағы гедонизмнің астанасы, ал біздің фестиваль — жарқын түстерге, испан мәдениетіне және өз ісіне деген сүйіспеншілікке толы гедонизмнің нағыз квинтэссенциясы болып табылады. Біздің фестиваль мен алматылықтар — тамаша үйлесім екеніне сенімдімін! Біздің әрбір қонағымыз бір күн бойы барлық істері мен қиындықтарын ұмытып, таңғажайып шарапқа, дәмді тағамға, сырлы сұхбатқа, тамаша музыка мен қуанышқа толы күннен ләззат алғанын қалаймын», — дейді Campo Viejo шарап жасау зауытының бренд-амбассадоры Арман Сейсебаев.