Алматыда Almaty Museum of Arts заманауи өнер мұражайының құрылыс алаңы таныстырылды

Алматыда Almaty Museum of Arts заманауи өнер мұражайының құрылыс алаңында медиа тур өтті. Экскурсияны мұражайдың негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов өткізді.

Орталық Азия аумағындағы алғашқы заманауи өнер мұражайы — Almaty Museum of Arts-тың негізін коллекционер және меценат Нұрлан Смағұлов қалады. Мұражайдың сәулет жобасын Сан-Францискодағы заманауи өнер мұражайы, Бильбаодағы Гуггенхайм мұражайы, Дохадағы Катар ислам өнері мұражайы, Париждегі Помпиду орталығы мен Лувр жобаларымен айналысқан халықаралық мұражай жоспарлау жөніндегі Консалтинг компания — Lord Cultural Resources-пен бірлесіп, әлемнің 60-тан астам елінде бой көтерген ғимараттардың авторы британиялық Chapman Taylor сәулет бюросы жобалады. Chapman Taylor аймақтық директоры Крис Ланксбури (Chris lanksbury) ғимараттың архитектуралық тұжырымдамасымен бөлісті. Мұражай Тау мен Қаланы бейнелейтін L-тәрізді екі қиылысатын ғимараттан тұрады. Қиылысатын пішіндер «Өнер көшесі» деп аталатын ішкі жабық кеңістікті құрап,  Н. Назарбаев даңғылы жағындағы басты кіреберісті жаңа Балет Театрының кіреберісімен байланыстырады. Тау шатқалына ұқсайтын бұл кеңістік мұражайдың негізгі «артериясы» және сәулетшінің ойымен қаладағы жаңа кеңістік келушілерге есігін айқара ашқан орын болады.

Мұражайда тұрақты экспозициялар үшін залдар, сондай-ақ табиғи жарығы бар, биіктігі 12 м болатын, аумағы 1000 шаршы метр уақытша экспозициялар залы қарастырылған. Мұндай зал алматылық өнер сүюшілер үшін нағыз сыйлық болады, өйткені бұл жерде кез келген халықаралық көрмелер ұйымдастыруға мүмкіндік бар.  Температура мен ылғалдық режимі, жарықтандыру көрсеткіштері мұражай стандарттарын қатаң сақтаумен жүреді. Мұражай болашаққа деген көзқараспен жобаланған және ол ең нәзік экспонаттардан бастап монументалды иммерсиялық сандық инсталяцияларға дейін кез келген туындыны көрсетуге болатын инфрақұрылымға ие. Мұражайдың инженерлік жобасымен Лондондағы Британ мұражайы Абу-Дабидегі Лувр, Лос-Анджелестегі LACMA мұражайларына инженерлік шешімдер әзірлеген британдық Buro Happold консалтингтік компаниясы айналысты.

Көрме залдарынан бөлек мұражайда концерт, кино көрсетілімдер, театр қойылымдары мен дәрістер өткізуге арналған трансформер-көпфункционалды зал, балалар мен ересектерге білім беру бағдарламаларын өткізуге арналған шеберхана, abr  ресторандар тобының бас аспазы Руслан Закировтың авторлық кафе-бистросы, мұражайдың кәдесый өнімдерін, қазақстандық шеберлердің бұйымдары мен кітаптар сататын кәдесый дүкен, сурет, графика және мүсіндерді қалпына келтіретін жаңа жабдықтары бар шеберхана, 5000-нан астам туындыны сақтауға қабілетті жалпы ауданы 1200 шаршы метр болатын графикалық, мүсіндік жұмыстар мен өнер туындыларын сақтауға арналған кәсіби қойма бар.

Мұражай құрылысы жүріп жатқан кезде мұражайдың алдағы бағдарламасы мен  коллекцияны толықтыру бойынша жұмыстар белсенді жүруде. Коллекция мен алдағы көрмелер туралы өнертанушы, Almaty Museum of Arts музей қызметі жөніндегі директор Меруерт Қалиева айтып берді.

«Мұражай ең алдымен тірі организм және біз сіздер үшін көрмелер, қоғамдық және білім беру бағдарламалары кіретін қарқынды бағдарлама дайындап жатырмыз. Мұражайдың қаламыздағы маңызды бөлшектердің біріне айналғанын қалаймыз және мұнда әртүрлі жастағы, қызығушылығы бөлек адамдар достарымен кездесуге, араласуға немесе керісінше жалғыз қалып, ойға шомылуға келеді деп үміттенеміз, бұл жерде жаңа білім алуға және әлемнің жетекші суретшілерінің туындыларын көруге келіге болады», – деді Меруерт Қалиева.

Мұражайға қойылатын коллекциялардың негізгі бөлігін Нұрлан Смағұловтың соңғы 30 жылда жинаған 20 ғасырдағы қазақстандық өнер туындылары құрайды. Қазір мұражайда белсенді жинау жұмыстары жүруде және оған  Орталық Азияның заманауи суретшілерінің де, халықаралық авторлардың да туындылары сатып алынды. Өткен жылы Венеция биенналесі кезінде неміс суретшісі Ансельм Кифердің монументалды инсталляциясы сатып алынды. Эмульсия, акрил, күйген ағаш, көмір, отқа күйген кітаптар мен металл сымдардан тұратын инсталяция «Бұл шығармаларды өртегенде, әлем шамалы болса да жарыққа бөленеді» деп аталады және ол суретшінің ең маңызды жұмыстарының бірі. Ол Венециядағы Дож сарайында өткен суретшінің жеке көрсетілімінде ұсынылды, туынды шығарманың және бүкіл көрменің атауына қолданылған фразаның авторы – италиялық философ Андреа Эмоның еңбектеріне арналған.

Америкалық мүсінші, әйгілі шебер Ричард Серрдің ұзындығы 25 метр болатын «Қиылыс» монументалды мүсініне арналйы жеке зал бөлінді. Салмағы ауыр, биіктігі ұзын мүсіндерді әдетте автордың рұқсатынсыз орынан қозғауға болмайды, сондықтан олар өнер сүйер қауым үшін нағыз табынушылық орындарға айналады. Жан-жағынан және ішкі бөлігінде қиылған қисық сызықтар келішілерді бей-жай қалдырмайтыны сөзсіз, көрермен мүлдем жаңа және күтпеген эмоциялар сезінеді. Сондай-ақ, мұражайдың іргелес аумағында әйгілі әлемдік суретшілердің жаңа мүсіндері орналасады.

«Мұражайдың сыртқы бөлігі – мұражайға келушілердің көзіне бірінші кезекте түсетін аумақ және біз үшін ол өте маңызды. Себебі осы уақытқа дейін заманауи өнермен ешқашан таныс болмаған адамның өзі бұл туындыларды көргенде арнайы сарапшы маманды қажет етпеуі керек. Британды-нигериялық суретші Йинка Шонибаренің, испаниялық Джауме Пленстің және арғы тегі поляктардан шыққан неміс суретшісі Алисия Кваденің туындыларынан таңдап алынған үш мүсін біздің сана-сезімімізге әсерлі болатыны анық және ол уақыт кеңістігінде ойнауы да ғажап емес. Оларды әртүрлі деңгейде қабылдауға болады», – деді Меруерт Қалиева.

Биыл мұражай коллекциясы Үлкен сұранысқа ие заманауи суретшілердің бірі – жапониялық Яеи Кусамыдың туындысымен толықты. Бірнеше онжылдықтар бойы Кусама «шегі жоқ бөлмелері» деп аталатын иммерсиялық инсталяциялар жасаумен айналысып келеді. Келушілер калейдоскопиялық сезім тудыратын ерекше формалар, нүктелер мен айнаның түрлі пішіндер көре алады. Біздің мұражайдағы «шегі жоқ бөлме» «Махаббат шақырады» (2013) туындысы осы сериядағы ең үлкен қондырғы және суретші жапон тілінде өз шығармасының өлеңін оқитын дауыспен байланысқан. «Шегі жоқ бөлмелер»  әлемнің көптеген мұражайларында қойылды және оларды өз көзумен көруге асыққан жандардың санынан жаңылуға болатын. Мұражай ғимаратында құрылыс жүріп жатқанда кезеңде Almaty Arts Museum Кусама инсталляциясын осы жылдың қазан айында Сан-Францискодағы МОМА мұражайында ашылатын суретшінің көрмесіне қуана ұсынды. Ал келесі жылы инсталляцияны біздің мұражайдан көруге болады.