Алматыда қараусыз және қаңғыбас жануарларға арналған жедел ветеринариялық көмек іске қосылды  

Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының ШЖҚ «Алматы ветеринариялық қызметі»  КМК қараусыз және қаңғыбас жануарларға арналған жедел ветеринариялық көмек қызметінің іске қосылғаны туралы хабарлайды.

Жаңа қызметтің негізгі мақсаты – шұғыл ветеринарлық көмекті қажет ететін қиын жағдайларға жедел ден қою, сондай-ақ зардап шеккен жануарларды ветеринарлық клиникаларға тасымалдау.

Қызметтің жұмысын қамтамасыз ету үшін жануарларға алғашқы медициналық көмек көрсету үшін барлық қажетті жабдықтармен қамтылған екі мамандандырылған бригада құрылды. Жедел ветеринариялық көмекке шақыру қажет жағдайлардың ішінде мыналар бар:

* Жол-көлік апаты немесе құлау салдарынан ауыр жарақаттар;

* Улану;

* Асқынулар мен инфекцияларға әкелуі мүмкін шағулар;

* Коллапс, жүрек-қан тамырлары жеткіліксіздігі, тыныс алу бұзылыстары сияқты өткір аурулар.

Ветеринариялық көмек қараусыз қалған және қаңғыбас жануарларға көрсетіледі. Тасымалдау үшін қажетті тасымалдау құралдарымен, ұсақ жануарларға арналған торлармен, зембілдермен, қажетті дәрілік заттармен, таңғыш материалдармен және диагностикалық жабдықтармен қамтылған екі мамандандырылған жүк машинасы пайдаланылады.

Жедел ветеринариялық көмекті шақыру үшін байланыстар: 8 708 595 64 04, 338 27 59, Алматы қаласының бірыңғай қызметі – 109.

Telegram-канал: Алматыда қараусыз және қаңғыбас жануарларға арналған жедел ветеринариялық көмек іске қосылды