Алматыда Қытайдың жаңа жылын тойлау басталды

Қытай халқының дәстүрлі Жаңа жылы — әлемдегі ең күтілетін және жарқын мерекелердің бірі. Шығыс күнтізбесі бойынша Жаңа жыл алты қыс мезгілінің соңғысы Дахан кезеңінен басталады. Бұл жаңару мен жаңа циклдің басталуына дейін табиғаттың тоқтайтын уақыты. Жылдан жылға сәттілік серік болсын деген ниетпен бұл мерекені күллі Қытай жұртшылығы тойлайды.

2025 жылдың нышаны жыланды аспан асты елінің халқы қытай жұлдыздары бойынша даналық, байсалдылық, сүйкімділік сияқты қасиеттермен байланыстырады. Бұл адамдар өздерінің ішкі күштерін көрсете алатын және үйлесімділікке және жеке өсуге ұмтылатын уақыт. Қытайда Жылан өзінің ақыл-ойы мен даналығын мәселелерді шешу үшін пайдалана алатын адамдарға сәттілік әкеледі деп саналады.

Қытайдың жаңа жылына орай Алматыда ерекше мерекелік шаралар ұйымдастырылып жатыр. 21 қаңтар мен 4 ақпан аралығында Алматы халықаралық әуежайының Т2 терминалының (халықаралық рейстер) ұшып шығу аймағында «Көктем мерекесіне жылы қош келдіңіз: Қытай Жаңа жылын бірге тойлау» атты фотоаймақ ашылды. Шетелге жолға шыққан әрбір жолаушы естелікке суретке түсіп, Шығыс халқының Жаңа жылын тойлау мәртебесіне ие болады. Бұл ғажайып мерекенің ерекше атмосферасына енуге жол береді. Айта кететін жайт,  Алматы қаласынан Қытайдың Бейжің, Шанхай, Сянья, Сиань, Гуанчжоу, Ханчжоу және т.б. маңызды қалаларына тұрақты авиа бағыттары қарастырылған. Сондай-ақ, Қазақстан мен Қытай елдері өзара визасыз саяхаттау бойынша ынтымақтастыққа қол қойған. Яғни екі ел азаматтары  30 күнге дейін визасыз бола алады, бұл туристік және іс сапарларға қосымша мүмкіндік береді.

Ал 28 қаңтарда Қытайдың жаңа жыл мерекесінде болатын гала-концертті тамашалауға болады. Қытай Халық Республикасының Алматыдағы бас консулдығының Instagram желісіндегі ресми парақшасында тікелей эфир жоспарланған.

Ғазиза Ұзақ