Алматыда Рас-эль-Хайма мен Қазақстан арасындағы туристік байланысты нығайтуға арналған медиа-ивент өтті

Рас-эль-Хайма Әмірлігінің Туризмді дамыту департаменті Алматыда қазақстандық жетекші БАҚ өкілдеріне арналған арнайы іс-шара ұйымдастырды. Кездесуде эмираттың туризм саласындағы жетістіктері мен қазақстандық туристерді тартуға бағытталған жаңа жобалар таныстырылды.

Қазақстандық туристер саны рекордтық деңгейге жетті

Соңғы бес жылда Қазақстан тұрақты түрде Рас-эль-Хаймаға ең көп турист жіберетін елдердің бірі. 2024 жылы эмиратқа 1,28 миллионнан астам қонақ келсе, Қазақстан бұл тізімде екінші орынға шықты. Бұл нәтижеге жаңа туристік өнімдер, жаңа рейстердің ашылуы және жергілікті туроператорлармен тығыз жұмыс ықпал етті.

Туризмді дамыту департаментінің вице-президенті Иад Расбей:

«Қазақстан біз үшін негізгі туристік нарықтардың бірі. Соңғы бес жылда қазақстандық туристер саны тұрақты өсіп жатқаны байқалады. Біздің мақсатымыз – 2030 жылға дейін 3,5 миллион турист тарту. Ал Қазақстан бұл мақсатқа жетуде маңызды рөл атқарады»

Жаңа жазғы туристік кампания – «Guess Where?»

Іс-шара барысында Рас-эль-Хайманың «Guess Where?» атты жаңа жазғы туристік кампаниясы таныстырылды. Алматы бұл кампанияның бастау нүктесі болып таңдалды, ал қазақстандық журналистер оның алғашқы таныстырылымына қатысты.

Транспорттық қолжетімділік пен жаңа рейстер

Қазіргі уақытта Қазақстаннан Рас-эль-Хаймаға AirArabia, FlyDubai, Wizz Air Abu Dhabi және маусымдық FlyArystan рейстері қатынайды. Сонымен қатар, эмираттың Туризмді дамыту департаменті Алматы мен Астанадан тікелей тұрақты рейстер ашу бойынша қазақстандық әуе компанияларымен келіссөздер жүргізуде.

«Қазақстан мен Рас-эль-Хайма арасында тұрақты рейстер ашу – біздің басымдықтарымыздың бірі. Бұл екіжақты туристік ағынды арттыруға үлкен мүмкіндік береді,» – деді Иад Расбей.

Қонақ үй инфрақұрылымы және жаңа брендтер

Қазіргі таңда Рас-эль-Хаймада 54 қонақ үй жұмыс істейді, олардың қатарында Hilton, Sofitel, Anantara, Ritz-Carlton, Waldorf Astoria, InterContinental, Rotana және Movenpick сияқты әлемге танымал брендтер бар.

Көптеген қонақ үйлер all-inclusive жүйесі бойынша қызмет көрсетеді және отбасылық демалысқа ыңғайлы жағдай жасайды. 2030 жылға қарай эмираттағы қонақ үй нөмірлерінің саны екі есе артып, 20 000-ға жетеді. Жаңа W, Nobu, Nikki Beach және Wynn қонақ үйлерінің ашылуы эмираттың жаһандық туризм нарығындағы позициясын нығайта түседі.

Рас-эль-Хайманың басты туристік ерекшеліктері

Эмират табиғи, мәдени және экологиялық туризмді ұштастыра отырып, қонақтарға теңіз, шөл және тау пейзаждарын үйлестірген ерекше демалыс түрлерін ұсынады.

🔹 Джебель Джейс – БАӘ-дегі ең биік тау, мұнда әлемдегі ең ұзын зиплайн (3 км), тау шаналары және әйгілі 1484 by Puro мейрамханасы бар.
🔹 Bear Grylls Explorer Camp – Таяу Шығыстағы алғашқы жабайы табиғатта аман қалу лагері.
🔹 Suwaidi Pearls – БАӘ-дегі жалғыз інжу фермасы.
🔹 Al Jazeera Al Hamra – ежелгі маржан аулаушылар ауылы.
🔹Dhayah Fort – елдегі жалғыз таулы бекініс.

Рас-эль-Хайма – бірегей табиғаты мен жоғары деңгейдегі қызмет көрсетуімен қазақстандық туристерді баурап алатын демалыс орны.