Алматыда сәйкестікті бағалау туралы құжаты болмағаны үшін айыппұл салынды

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті жеке тұлғаның өтініші негізінде «Lux Kazakhstan Group» ЖШС қатысты «LUX Maxima» аяққа арналған массаж аппаратының сәйкестік сертификаттары мен тұтынушыға арналған ақпараттарсыз сату фактісі бойынша жоспардан тыс тексеріс жүргізді.
«LUX Maxima» аяққа арналған массаж аппараты жөніндегі Одақтың техникалық регламенттерінің адам өмірі мен денсаулығын, мүлікті қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ тұтынушыларды (пайдаланушыларды) оның мақсаты мен қауіпсіздігіне қатысты жаңылыстыратын әрекеттердің алдын алу талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Одақтың техникалық регламенттеріне сәйкес, «LUX Maxima» аяққа арналған массаж аппараты адамның өмірі мен денсаулығын, мүлкін қорғауды, сондай-ақ тұтынушыларды (пайдаланушыларды) оның мақсаты мен қауіпсіздігіне қатысты жаңылыстыратын әрекеттердің алдын алуды қамтамасыз етуі тиіс.
Жоспардан тыс тексеріс жүргізу барысында «LUX Maxima» аяққа арналған массаж аппаратында сәйкестікті бағалау туралы құжаттар, сондай-ақ мемлекеттік және ресми тілде тұтынушыға арналған ақпараттың болмағаны анықталды, бұл Қазақстан Республикасы «Техникалық реттеу туралы» Заңының 35-бабын бұзу болып табылады.
Заң талаптарын бұзғаны үшін «Lux Kazakhstan Group» ЖШС ҚР ӘҚБтК-нің 415-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 383 370 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Азаматтардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне және қоршаған ортаға қауіпті өнімдерді өткізбеу мақсатында, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарылды.
Сонымен қатар өнімді айналысқа шығаруға тыйым салу туралы жедел ден қою шарасы қолданылды.
Сондай-ақ, жоспардан тыс тексеріс жүргізу барысында Департамент қызметкерлері Кеден одағының техникалық регламенттерінің және Қазақстан Республикасы «Техникалық реттеу туралы» Заңының талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті