Алматыда сауда желілерінде кейіннен сату үшін 4,5 мың тонна қант сатып алынды

Алматы қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және бағаның өсуіне жол бермеу тетіктерін іске асыру аясында «Алматы «ӘКК» АҚ тауар биржасында сауда-саттық нәтижелері бойынша 4,5 мың тонна қант жеткізуге шарт жасасты.

Отандық өндірістегі қант қаланың сауда желілеріне белгіленген сату бағасы бойынша – келісіне 380 теңгеден аспайтын бағамен сатылады. Өз кезегінде қант сататын бөлшек саудагерлер сату бағасына 10%-дан аспайтын үстемеақыны сақтайды. Бұл шара Алматыдағы қант бағасын 2025 жылдың қыркүйегіне дейін тұрақтандыруға мүмкіндік береді.

Өнім сатылатын жерлерді almatyazyk.kz сайтынан көре аласыздар.

Анықтама: 2023 жылы қарашадан 2024 жылы тамызға дейін «Алматы «ӘКК» АҚ қаланың сауда желілері арқылы белгіленген сату бағасы бойынша 3 мың тонна көлемінде қант сатты, бұл осы кезде Алматыда бағаның өсуіне жол бермеуге мүмкіндік берді.