Алматыда шахматтан Азияның жаңа жұлдыздары жарқырайды
Алматы қаласы. 2023 жылғы 3 маусым мен 12 маусым аралығында Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында шахматтан Ашық чемпионат (Open) пен әйелдер чемпионатын қамтитын Азия құрлықтық шахмат чемпионаты өтеді. Шараның жүлде қоры 100 000 АҚШ долларын құрайды.
Турнирді ұйымдастырушылар – Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Қазақстан шахмат федерациясы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Азия шахмат федерациясы. Турнирдің бас демеушісі – Freedom Holding Corp.
Үздік алты ойыншы: Ашық чемпионаттың төрт жеңімпазы және әйелдер арасындағы чемпионаттың екі жеңімпазы 29 шілде мен 25 тамыз аралығында Бакуде өтетін 2023 жылғы әлем кубогына қатысу құқығына ие болады. Әлем кубогының финалистері үміткерлер турниріне шығады, оның жеңімпазы шахмат әлеміндегі ең жоғары атақ – шахматтан әлем чемпионы атағы үшін күреседі.
Азия құрлықтық щахмат чемпионатына қатысушыларды тіркеу ағымдағы жылдың 25 мамырына дейін жалғасады және қазірдің өзінде интеллектуалдық шайқасқа Қазақстан, Қытай, Үндістан, Иран, Филиппин, Шри-Ланка, Біріккен Араб Әмірліктері және Сингапур сияқты 20-ға жуық елдің шахматшылары қатысатыны белгілі. Олар 2009 жылғы Шахматтан 16 жасқа дейінгі Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының (U-16) жеңімпазы, 2016 жылғы Азия чемпионатының жеңімпазы Панаяппан Сетураман (Үндістан); үнді гроссмейстері Виджай Пранав (Үндістан); Өзбекстан құрамасынан Ерлер шахмат олимпиадасының жеңімпазы Шамсиддин Вохидов (Өзбекстан); Шахматтан 2004-2005 жж. әлем чемпионы Рустам Касымджанов (Өзбекстан); Шахматтан Азияның екі дүркін чемпионы Сюй Цзюнь (Қытай).
Қазақстандық спортшылардың арасында белгілі гроссмейстер Мұртас Қажғалеев; сондай-ақ өткен жылы 12 жасында ФИДЕ шебері атағын жеңіп алған Сауат Нұрғалиев, Қазақстан Кубогының 1-кезеңінде (2023) жеңіске жетіп сенсация тудырған 15 жастағы Алдияр Аңсат және т.б. бар.
Әйелдер арасынан Үндістандық гроссмейстер Палатхур Нандхидхаа; Шахматтан әйелдер арасындағы «Moscow Open» халықаралық турнирінің бірінші орын иегері, моңғолиялық Батхуягийн Монгонтуул; әйелдер арасындағы гроссмейстер, Индонезияның бірінші шахматшысы Ирине Харисма Сукандар; биыл Астанада төрт дүркін әлем чемпионы Хоу Ифаньды жеңген 17 жасар Меруерт Камалиденова және т.б. қатысады.
Шахматтан Азия құрлықтық чемпионаты швейцариялық жүйе бойынша ФИДЕ регламентіне сәйкес 9 турдан тұрады. Турнир аясында ағымдағы жылдың 3 маусымында шахмат бойынша блиц чемпионаты өтеді.
4 маусымда Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында турнирдің ашылу салтанаты өтеді, кешке Азия шахмат федерациясының бас хатшысы Хишам АльТахер мен Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов қатысады. 11 маусымға жоспарланып отырған марапаттау салтанатына Азия шахмат федерациясының президенті Шейх Султан бин Халифа Аль-Нахайян қатысады.
Өтетін орны: Алматы қ., Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайы, Абай даңғылы, 44, Байтұрсынов көш. қиылысы.
Ресми ақпарат көзі: www.kazchess.kz
БАҚ-ты аккредиттеу тәртібі:
Азия құрлықтық шахмат чемпионаты аясындағы барлық іс-шараларға қатысу, соның ішінде қосымша фото және бейне түсірілім, сұхбат ұйымдастыру, баспасөз конференцияларына қатысу үшін аккредитациядан өту қажет!
Толтыру формасы: https://forms.gle/CkVXzBRzHNpYZbxZ9
Аккредиттеу ережелері мен іс-шаралар кестесі туралы толығырақ ақпаратты мына сілтемеден алуға болады: https://kazchess.kz/kz/article/5957
Байланыс ақпараты: +7 707 677 2878, + 7 777 701 15 60