Алматыда студенттердің 32%-ы салауатты өмір салтын ұстануға жалқаулық пен мотивацияның жоқтығы себеп екенін айтты
«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) алматылық студент жастардың өмір салты, олардың салауатты өмір салтына қатынасы (СӨС) және олар тап болатын проблемалар туралы зерттеу нәтижелерін ұсынды.
«Бұл «Денсаулық» қауымдастығы» мен Алматы Менеджмент Университетінің «Service Learning» пәні аясында жүргізген бірлескен зерттеуі, бұл сөз «қоғамға қызмет ету арқылы оқыту» деп аударылады. Студенттік кезең – жастардың өмірдегі орнын іздеумен айналысатын кезеңі, бұл көптеген білім алуға және өз алдына өршіл мақсаттар қоюға және оларға жетуге үйренетін уақыт. Студенттердің волонтерлік қызметі – әлеуметтік мәселелерді шешудің тәсілі ғана емес, бұл баға жетпес жұмыс тәжірибесін жинақтау, қарым-қатынас аясын кеңейту, студенттің өзін-өзі қалыптасу көзі, сондай-ақ кәсіби дағдылар мен құзыретін дамыту мүмкіндігі. Жеті айлық жұмыс барысында AlmaU-дың 200 студенті Алматының студент жастары арасында темекі шегу, алкогольді тұтыну, тамақтану және салауатты өмір салты бойынша сауалнама жүргізе отырып, «Денсаулық» қауымдастығымен 4 әлеуметтік жобаны іске асырып, болашақта өз жобаларымен жұмыс істеу кезінде пайдалы болатын зерттеуге қатысудың жеке тәжірибесін алды», — деді Алматы менеджмент университеті (AlmaU) СжҚМ тәжірибе профессоры Гүлнара Әсемқұлова.
Зерттеуге AlmaU-дың 1-курсында оқитын 53 студенті волонтер-интервьюер ретінде тартылды. Сауалнамаға Алматының 18 ЖОО студенттері қатысты. Жобаның далалық іс-шаралары 2023 жылдың 4-25 сәуірі аралығында өткізілді. 1080 респондент, 497 ер адам және 583 әйел, 18-21 жас және одан жоғары жастағыларға сауалнама жүргізілді. Зерттеу әлеуметтену сауалнамасы әдісімен жүргізілді.
Денсаулыққа теріс әсер ететін факторлардың ішінде мыналар атап өтілді: зиян әдеттер (темекі шегу, алкоголь мен есірткі қолдану) – 42%, отырықшы өмір салты – 32%, теңдестіріп тамақтанбау және артық салмақ – 29%. Респонденттердің шамамен 25%-ы артық дене салмағы барын айтқан, ал респонденттердің 3%-ы бұл сұраққа жауап беруге қиналатынын мәлімдеген.
Сауалнамаға қатысқандардың 34%-ы зиян тауарлардағы зиян компоненттер санын азайтуды «зиянды азайтудың» ең тиімді тәсілі деп есептейді, дегенмен, 32%-ы зиян өнімдерді сатуға тыйым салуды тиімді әдіс деп тұжырымдаған.
Сауалнамаға қатысқандардың 41%-ы денсаулыққа зияны аз өнімдер көп зиян келтіретіндерге қарағанда арзанырақ болуы керек деп санайды. Сауалнамаға қатысқандардың шамамен 64%-ы тауардың зияны аз екені туралы ақпаратты өнімнің қаптамасында басып шығару керек деп санайды.
«Респонденттер СӨС деген не екенін қалай түсінеді деген сұраққа сауалнамаға қатысқандардың 15%-ы бұл темекі шегу және алкоголь тұтыну сияқты жаман әдеттерден бас тарту екенін атап өтті. Респонденттердің 24%-ы салауатты өмір салтының негізі дұрыс, уақтылы және теңдестірілген тамақтану деп санайды. 23%-ы СӨС олардың түсінігінде тұрақты спорт екенін атады. Сауалнамаға қатысқандардың тек 38%-ы салауатты өмір салтын үнемі спортпен шұғылдануды, дұрыс тамақтануды және жаман әдеттерден бас тартуды қоса алғанда, осы факторлардың жиынтығы деп санайды», — деп атап өтті «Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ төрағасының орынбасары әрі дәрігер Гинтаутас-Юозас Кентра.
Сауалнамаға қатысқандардың 28%-ы отырықшы өмір салтын ұстанатынын мойындаған. Сауалнамаға қатысқандардың 57%-ы болса, керісінше, белсенді өмір салтын ұстанатынына сенімді, ал тағы 15%-ы бұл сұраққа жауап бере алмады.
Спортпен үнемі шұғылданатын респонденттер мен анда-санда айналысатын немесе мүлдем айналыспайтындардың үлесі шамамен тең (52,2% және 47,8%).
Салауатты өмір салтын ұстануға негізгі кедергі неде деген сұраққа сауалнамаға қатысқандардың 32%-ы бұл жалқаулық пен мотивацияның жоқтығы деп жауап берді. Сауалнамаға қатысқандардың шамамен 26%-ы негізгі кедергілер пайдалы тағамның қолжетімділігі және жоғары жұмысбастылық (уақыттың болмауы) екенін атап өтті. Сауалнамаға қатысқандардың шамамен 17%-ы кедергі деп спорт нысандарының қолжетімділігін атады.
Құрамында никотині бар өнімдер мен алкоголь тұтынатын респонденттердің үлесі тиісінше 37% және 34% болған; сонымен бірге, респонденттердің тек 13%-ы никотині бар өнімдер мен алкогольді тұтынуға заңда рұқсат етілген жасқа жеткен.
Салауатты өмір салтын ұстанамын деп санайтын респонденттердің саны ұстанбаймын деп есептейтіндердің санына тең. Сонымен бірге, сауалнамаға қатысқандардың төрттен бір бөлігі бұл сұраққа нақты жауап бере алмады.