Алматыда трансформациялық, психологиялық және дағды ойындарының халықаралық фестивалі GameFest өтеді

29-30 наурыз күндері Алматыда үздік ойын шеберлерін бір арнаға тоғыстыратын бесінші халықаралық GameFest фестивалі өтеді.
Фестиваль аясында сізді ресурстық, бизнес-ойындар, трансформациялық, эзотерикалық және әйелдерге арналған ойындар күтеді. Әр қатысушы фестиваль сайты арқылы өзіне қажетті ойынды таңдай алады.
Ауқымды бизнес-ойындар бөлімі қатысушыларға заманауи ойын әдістемелерін жылдам әрі тиімді меңгеруге ерекше мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл бөлім күрделі корпоративтік мәселелерді оңай шешуге арналған құралдарды көрсетіп, бизнеске жаңаша көзқарас қалыптастыратын ойын әдістерімен таныстырады.
Ресурстық ойындар қатысушыларға өздерінің әдеттегі қарым-қатынас стратегияларын сырттай бағалауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, олар өздерінің өзін-өзі бағалауын зерттеп, ең бастысы – өзіне күтім жасауды, энергия мен күшті толтыруды үйренеді. Бұл өз өмір сапасын жақсартып, мақсаттарын жүзеге асыруға көмектеседі.
Әйелдерге арналған трансформациялық ойындар ішкі әлеуетті тереңірек ашуға, шектеулі наным-сенімдерді жеңуге, өзін-өзі бағалауды нығайтуға және өмірдің әртүрлі салаларында үйлесім табуға бағытталған. Бұл ойындар әйелдерге өз қалауларын жақсырақ түсінуге, қарым-қатынастарын реттеуге, интуициясын дамытуға және қауіпсіз әрі қызықты ортада ішкі еркіндікке қол жеткізуге көмектеседі.
Фестиваль аясында психологиялық ойындар да ұсынылады – бұл өзін-өзі тану, тұлғалық даму және әртүрлі өмірлік әрі кәсіби мәселелерді шешуге арналған бірегей формат. Ойындар қатысушыларға өздерін тереңірек түсінуге, ішкі кедергілерді еңсеруге және мақсаттарға жетудің жаңа жолдарын табуға көмектеседі.
GameFest – бұл ойын технологиялары мен тұлғалық өсудің маңызды оқиғасы. Өткен жылы фестивальге 350-ден астам қонақ қатысып, іс-шараға деген үлкен қызығушылықты растады.
Фестивальдің негізін қалаушы, сертификатталған игропрактик, ТМД мен Орталық Азиядағы ең ірі трансформациялық ойындар фестивальдері мен мамандарға арналған нетворкинг алаңдарының ұйымдастырушысы Наталья Дерябина: «Фестивальге қазіргі заманның өзгермелі талаптарына бейімделу жолын іздейтін адамдар келеді. Бұл оларға өмірлік және кәсіби мәселелерді шешудің ерекше тәсілдерін табуға, икемділік пен бейімделу дағдыларын дамытуға көмектеседі. Биылғы жылы бағдарламаға өнер мен шығармашылық тәжірибелер секциясы қосылады, ол өз әлеуетіңізді ашуға және өзіңізді жаңа қырынан тануға мүмкіндік береді. Ойынды таңдау үшін фестиваль сайты мен Instagram парақшасын алдын ала зерттеуге кеңес береміз. Сондай-ақ, ойын таңдауды фестиваль күні таңертең, шеберлер қатысушылармен танысып, өз ойындары туралы әңгімелеген кезде жасауға болады. Немесе жүрегіңіздің қалауын тыңдаңыз»
Билеттер екі форматта ұсынылады – стандарт және VIP: • 29 наурызға билет – 3 ойын (әрқайсысы 2 сағаттан); • 30 наурызға билет – 2 ойын (бірі 2 сағат, екіншісі 3 сағат); • екі күндік билет – 5 ойын (төртеуі 2 сағаттан, біреуі 3 сағаттан).
VIP-билеттер саны шектеулі – небәрі 50 дана ғана. VIP-билет иелері белгілі бір шеберден ойын таңдап, алдын ала брондау мүмкіндігіне ие. Ал стандартты билет иелері ойынды сол күні «еркін орын» қағидаты бойынша таңдайды.
Фестивальдің тағы бір ұйымдастырушысы, игропрактик, сертификатталған трансформациялық ойын жүргізушісі Лидия Найдёнова: «Ойын – адамның жаңа дағдыларды меңгеруі мен оларды күнделікті өміріне енгізуінің ең түсінікті әдісі. Ол мәселелерді шешудің балама жолдарын көруге көмектеседі, әсіресе, стресстік жағдайда байқалмайтын немесе шешілмейтіндей көрінетін мәселелерді. Сонымен қатар, ойындар қатысушылардың стратегиясын, соның ішінде айналадағы адамдармен қарым-қатынас стратегиясын түзетуге мүмкіндік береді. Ойынның алғашқы кезеңдерінде-ақ адамдар энергия деңгейінің артқанын сезініп, қойылған міндеттерді шешуге деген қызығушылығы оянады. Дегенмен, бұл барлық жұмысты өздігінен жасайтын сиқырлы таблетка емес екенін ұмытпаған жөн»
Өтетін күні мен орны:
29 наурыз – 09:00-19:00
30 наурыз – 09:00-19:00 Алматы қ., Туран университеті, Сәтпаев көшесі, 16а.