Алматыда жастар күніне орай қандай іс-шаралар өтеді
Алматыда Жастар саясаты басқармасының қолдауымен Халықаралық жастар күніне орай қаламызда және комьюнити орталықтардың базасында 60-тан астам арнайы шаралар өткізу жоспарланған.
Алматы – жастар қаласы, мұнда 14 пен 35 жас аралығындағы 695,6 мың жас тұрады.
Осы ретте, ағымдағы жылдың 3 тамызы мен 12 тамыз аралығында 10 бағыт бойынша («Taza Qazaqstan», «Jas kelse. Iske!», «Densaulyk – zor bailyk», «Gylym tappai maqtanba», «Meyirimdilik mekeni», «Adal Azamat», «Enbek barin de jenbek», «Ystyq qairat. Nurly aqyl. Jyly jurek», «Qorgan-24», «Jasratmen birge») жастардың шығармашылық әлеуетін асыруға және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында іс-шаралар ұйымдастырылады.
«1999 жылдан бастап бүкіл әлемде 12 тамызда Халықаралық Жастар күні атап өтіледі. Бұл жастарға, олардың жетістіктері мен әлеуетіне арналған ерекше күн. Біз қарқынды өзгерістер мен жаһандық сын-қатерлер дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Жастар батылдық пен шығармашылықтың үлгісін көрсете отырып, осы процестердің алдыңғы қатарында. Біздің міндетіміз – сапалы білім алуға, денсаулық сақтауға және жұмысқа орналасу мүмкіндіктеріне қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, олардың дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау», — деді Алматы қаласы жастар саясаты басқармасының басшысы міндетін атқарушы Азиз Кажденбек.
12 тамыз — Халықаралық Жастар күні күні қала кәсіпкерлерімен бірлесіп, 14-35 жас аралығындағы жастарға арналған «Jas Almaty» ауқымды акциясын өткізу жоспарланған. Іс-шара аясында қоғамдық тамақтану мен пайдалы демалыс саласында жеңілдіктер жасалады.
Іс-шаралар туралы қосымша ақпаратты jas.almaty және комьюнити-орталықтардың инстаграм парақшаларынан көре аласыздар.