Алматыдағы аудандарда ҚР Конституциясы күніне орай қандай іс-шаралар өтеді
Қалалық мерекелік концерт 30 тамызда Абай алаңында өтеді. Алматыда Конституция күнін мерекелеу аясында дөңгелек үстелдер, көрмелер, челлендждер, сынып сағаттары ұйымдастырылады.
Мерекелік іс-шаралар қаланың барлық ауданында өтеді:
— Бостандық ауданында Конституция күнін мерекелеу құрметіне 29 тамыз сағат 12:00-де Қазмемциркте ALMATY CIRCUS FESTIVAL» II Халықаралық цирк өнері фестивалінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері ХӘОТ үшін қайырымдылық қойылым қояды. ҚР Конституциясы күніне арналған концерт 30 тамыз сағат 15:00-де «MEGA Alma-ata» СОО-да өтеді.
— Алмалы ауданында ҚР Конституциясы күніне арналған мерекелік концерт бүгін 28 тамыз сағат 19:00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының жанындағы «Неделка» субұрқағы жанындағы скверде өтеді.
— Медеу ауданында Конституция күніне арналған мерекелік концерт 29 тамызда сағат 12:00-де Орталық мәдениет және демалыс саябағында өтеді.
— Алатау ауданында Конституция күніне орайластырылған мерекелік концерт 29 тамызда сағат 16:00-де Атлетикалық ауыл аумағында өтеді.
— Әуезов ауданында Конституция күніне арналған мерекелік концерт 29 тамызда сағат 18:00-де Family саябағында өтеді.
— Түрксіб ауданында ҚР Конституциясы күніне арналған концерт 29 тамызда сағат 18:00-де Сауранбаев көшесіндегі жаяу жүргіншілер аймағында өтеді.
— Жетісу ауданында танымал әншілер мен балалардың шығармашылық ұжымдарының қатысуымен мерекелік концерт 30 тамыз сағат 11:00-де «Гүлдер» саябағында (Құлагер ш/а., Серіков көшесі, 2А), сондай-ақ, «Ата Заңым – айбыным!» шығармашылық фестивалі әл-Фараби скверінде өтеді.
— Наурызбай ауданында Конституция күніне арналған «Ата заңым айбыным» мерекелік концерті 30 тамыз сағат 11:00-де Амфитеатрда (Шұғыла шағын ауданы, 347) өтеді.