Алматыны бимен көмкерген кеш

3 083 ҚР «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің 69-шы жаңа маусымын ашты. Алматы Theatre сахнасында өткен өнер кеші балетмейстер Талғат Ахметовтың «Самғау» би  қойылымымен ашылды. «Азия аңыздары» деп аталатын жаңа маусымдағы бағдарламада көрермендер «Жастық жалын», «Идона», «Долан», «Кальчум», «Қыз қуу» және тағы да басқа ерекше би қойылымдарын тамашалады. Қазақ би өнерінің тарихы ықылым заманнан басталады. Ал сол саф өнердің тұнығын лайламай, жаңа заманға жеткізе білген «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі осынау ұлы өнердің өрісін кеңейтіп, елдің тұтастығы мен бірлігін, татулығы мен тыныштығының үлгісін көрсетіп келеді. Бұл ұжымның қоржынында тек қазақ халқының емес, әлем халықтарының тарихы мен болмысынан сыр шертетін сандаған қойылымдар бар. «Би … Читать далее Алматыны бимен көмкерген кеш