Алматының Алатау ауданында жаңа оқу жылына 550 орындық мектеп ашылды
Алматыда Алатау ауданының «Саялы-2» шағын ауданында қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен мемлекеттік тілде оқытатын мектеп пайдалануға берілді.
№212 мектептің ғимараты жоғары, орта және бастауыш сыныпты оқытатындықтан, жеті бөлек бөліктен тұрады. Мектепте мультимедиялық кабинет, ресурстық орталық, медиатека, оқу, спорт, акт және асхана залдары қарастырылған.
Сондай-ақ зертханасы бар жеке биология және химия кабинеттері бар. Аспаздық, маталарды өңдеу, металл және ағаш өңдеу сияқты бағыттар бойынша еңбекке баулу кабинеттері бар. Аумақта спорт және ойын алаңдары ұйымдастырылған.
Жаңа мектепті пайдалануға беру осы шағын ауданда орналасқан №180 және №204 мектептің жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді. Айта кету керек, ауданда мектеп тапшылығын азайту үшін «Зерделі» шағын ауданында 550 орындық мектеп салынып жатыр.