AlmaU қолдауымен «Қызыл және Сары стратегиялар» бизнес-кітабы қазақ тілінде жарық көрді

Астана қаласында Тәуелсіз директорлардың Qazaq Independent Directors қауымдастығы ұйымдастырған Qazaq Independent Directors Forum өтті. Форум жұмысына Алматы Менеджмент Университетінің президенті әрі негізін қалаушысы Қожахметов Асылбек Базарбаевич қатысты.
Тәуелсіз директорлар институтын дамытуға белсенді атсалысқан үшін Асылбек Кожахметов марапатқа ие болды. AlmaU 2023-інші жылдан бері QID ұйымымен ынтымақтастық орнатып келеді және осы кезеңде «Тәуелсіз директор. Табысқа жеткен мансап» бағдарламасы бойынша алты топ, сондай-ақ «Инновациялық корпоративтік басқару» бағдарламасы бойынша бір топ оқуды сәтті аяқтады.
«Болашақтың директорлар кеңесі» атты форсайт-сессия аясында AlmaU президенті әрі негізін қалаушы Святослав Бирюлиннің «Қызыл және Сары стратегиялар» кітабының қазақ тіліндегі басылымын таныстырды. Бұл кітап Smart University Press баспасынан AlmaU мен QID қолдауымен жарық көрді. Кітаптың аудармасын «Толық адам» институтының аға оқытушысы Шолпан Сағатова жүзеге асырды.
Аталған еңбектің қазақ тілінде жарық көруі кәсіби орта үшін маңызды оқиға, себебі бұл қадам мемлекеттік тілде заманауи басқару тұжырымдамаларына, стратегиялық ойлау құралдарына және менеджмент саласындағы практикалық тәжірибеге қолжетімділікті айтарлықтай кеңейтеді.
«Қызыл және Сары стратегиялар» – белгісіздік жағдайында тиімді стратегияларды қалыптастыруға арналған қолданбалы нұсқаулық. Кітап жүйелі тәсілді, ойлау икемділігін және нәтижеге бағдарланған басқару моделін үйлестіре отырып, стратегиялық шешімдер қабылдаудың заманауи әдістерін ұсынады. Бұл кітап қазірдің өзінде басшылар, кәсіпкерлер мен менеджерлер арасында мойындалып, енді қазақ тілді оқырмандарға қолжетімді болып отыр.
Кітаптың қазақ тіліне аударылуы мен жарық көруі ұлттық кәсіби және басқарушылық әдебиеттің дамуына елеулі үлес қосады. Бұл өз кезегінде заманауи іскерлік мәдениетті қалыптастыруға, стратегиялық ойлауды дамытуға және елдегі жаңа буын көшбасшыларын даярлауға ықпал етеді.
Кітапты AlmaU Book Shop дүкенінен сатып алуға болады.


