Антифрод орталығы қаржы секторындағы ең танымал алаяқтық схемаларын атады

Қаржы секторындағы алаяқтық схемаларға қарсы іс-қимылдың негізгі құралдарының бірі 2024 жылғы шілдеде Ұлттық банктің Ұлттық төлем корпорациясы (ҚР ҰБ ҰТК) базасында құрылған Антифрод орталығы болды. Бұл туралы ҚР ҰБ ҰТК Басқарма төрағасы Жанар Самаева Digital Almaty 2025 форумында хабарлады.

Ұлттық төлем корпорациясының мәліметінше, алты ай ішінде Антифрод-орталық 19 мыңға жуық алаяқтық оқыс оқиғаны тіркеді. Әлеуметтік инженерия, жалған инвестициялар кеңінен таралды. Яғни, адамдар өз еркімен алаяқтарға ақша аударады. Тек аздаған бөлігі ғана технологияның осал тұстарын қамтиды.

Қазақстанда экономикалық белсенді халықтың 70% -дан астамы мобильді банкингті пайдаланады және алаяқтар жаңа технологияларды, оның ішінде ЖИ қолдана отырып, белсенді бейімделеді. Жарты жыл ішінде Антифрод-орталықтың арқасында екінші деңгейлі банктер алаяқтардың қолына түсуі мүмкін 1,5 млрд теңгені бұғаттай алды», — деп атап өтті Жанар Самаева.

Жасанды интеллект оқыс оқиғаларға басымдық беру процесіне енгізіледі, бұл ірі алаяқтық операцияларға жылдам ден қоюға мүмкіндік береді. Тіркелген кезеңдегі алаяқтық туралы деректерді талдау қаржы ұйымдарына жаңа қорғау тетіктерін әзірлеуге көмектеседі.

«Біздің міндетіміз — алаяқтықты анықтап, болдырмау ғана емес, сонымен қатар қаржы секторында сенім экожүйесін құру. Бұл үшін біз банктердің, байланыс операторларының және құқық қорғау органдарының күш-жігерін біріктіреміз», – деп түйіндеді Жанар Самаева.

Бұдан басқа, Ұлттық төлем корпорациясы шоттарды ашу және қаржылық қызметтерді алу кезінде дипфейктер мен жалған тұлғаларды пайдалануды болдырмау үшін тіршілікке тексеруді (liveness detection) қамтитын биометриялық аутентификация жүйесін белсенді дамытуда.

Қазақстан Республикасы Ұлттық төлем корпорациясы