«Антиконтрафакт» республикалық акциясы басталды

Алматы қаласы Әділет департаменті 2025 жылғы 10 сәуір мен 10 мамыр аралығында өтетін «Антиконтрафакт» республикалық акциясының басталғанын хабарлайды. Акцияның мақсаты — зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және контрафакт өнімдерінің таралуы туралы халықтың хабардарлығын арттыру.

📌 Осы акция аясында 10-25 сәуір аралығында «Бірге контрафактіге қарсымыз» атты фотосуретке арналған республикалық конкурстың аймақтық кезеңі өтеді. Конкурс 14-18 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған. Конкурс екі кезеңнен тұрады:
▪ I кезең — аймақтық. 25 сәуірге дейін жұмыстарды комиссиялар қарап, бір үздік фотосурет (конкурстың тақырыбына сәйкес келетін фото) ҚР Әділет министрлігіне жіберіледі.
▪ II кезең — республикалық. Қорытынды кезең 2025 жылғы 10 мамырда өтеді.

❗Қатысушының Instagram жеке профилі ашық болуы тиіс. Фото #Антиконтрафакт2025 хештегімен және @adiletgovkz аккаунтын белгілеу қажет.

📩 Қатысу үшін фото, өтінім және құжаттардың көшірмелерін 25 сәуірге дейін a.bekbotaev@adilet.gov.kz электронды поштаға немесе WhatsApp арқылы 8 777 252 2323 нөміріне жіберу қажет.

🎁 Конкурс жеңімпаздары екі номинация бойынша бағалы сыйлықтармен марапатталады:
1) Ең көп лайк жинаған фотосурет
2) «Кадр шебері» номинациясы