Асанәлі Әшімұлының театры Талдықорғанда премьера қоймақ

Алматы қаласы әкімдігінің «Жаңа ғасыр» театры 25-28 ақпан аралығында Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрында өнерсүйер қауымға арналған гастрольдік іссапарын өткізеді.

Гастроль аясында театр ұжымы көрермендерге бірнеше көркем спектакльдерді  сахналайды. Атап айтсақ, театрсүйерқауым Б.Беделханның «Тағдыр тақтасы», Е.Ташкенбайдың «Соңғы қоңырау», «Алматы махаббатым» спектакльдерін тамашалай алады.  Және Р.Томанның «Сегіз әйел» детективті қойылымының премьерасын ұсынады.

Әрбір қойылым өзіне тән мазмұны мен актерлердің шеберлігімен ерекшеленеді.

Гастрольдік  сапардың басты мақсаты  –  мәдени байланыстарды нығайтып, театр өнері арқылы Жетісу тұрғындарымен жақын танысу, сондай-ақ, Алматы қаласының мәдениетін басқа өңірлерде кеңінен таныту.