Астана – Дубай – Астана бағыты бойынша әуе қатынастарына өзгерістер енгізілді
Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі Астана – Дубай – Астана бағыты бойынша шегерілген және тоқтатылған рейстер туралы ақпаратты таратты.
Астана халықаралық әуежайы Fly Dubai және Air Astana авиакомпанияларының рейстер кестесіндегі соңғы өзгерістері туралы хабарлайды. Fly Dubai авиакомпаниясының бүгінге ұшып келуге жоспарланған FZ1303 және FZ1307 рейстері, сондай-ақ ұшуға жоспарланған FZ1304 және FZ1308 рейстері тоқтатылды.
Сонымен қатар, Air Astana авиакомпаниясының Дубай – Астана бағытындағы кешіктірілген кешегі KC2060 рейсі бүгін күтілуде. Таңертең сағат 07:25-те Астана – Дубай бағыты бойынша KC205 рейсі жүзеге асырылды. Аталмыш рейс Астана қаласына түнгі уақытта ұшып келеді.
Жолаушылар рейстер туралы ақпаратты және олардың кестедегі ықтимал өзгерістері туралы мәліметті әуекомпаниядан, сондай-ақ Астана халықаралық әуежайының ресми сайтынан www.nn-airport.kz немесе тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс орталығынан 8 (7172) 702-999 біле алады.