Астана қаласының өңірлік кадрлық резервіне іріктеу аяқталды
Кадр резервіне қабылдау өзекті міндеттерді шешуге және қалалық инфрақұрылымды дамытуға қабілетті мықты және кәсіби команда құрға мүмкіндік береді.
Өңірлік кадрлық резервтің мақсаты – жас таланттарды тарту, сондай-ақ жас командаларды басқаратын өршіл және креативті көшбасшылар тобын құру.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында да осындай мақсаттар бар.
Кадр резервіне іріктеу бірнеше кезеңдерден тұрды. Астана қаласынан өздерін креативті және өршіл тұлға ретінде көрсеткен жастар іріктеліп алынды.
Мамандардың айтуынша, іріктеуден өткендер жаңа идеялары мен басқару дағдыларының арқасында мемлекеттік органдардың жұмысына өзгерістер енгізуге дайын.
«Кадр резервіне қабылдану — басқарушылардың тек қана қатаң іріктеуден өткенін ғана емес, сондай-ақ қаланы дамытуға және тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға елеулі үлес қосуға дайын және қабілетті екендігін дәлелдегенін білдіреді. Алдағы уақытта жастар Астананың тұрақты дамуы мен оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған стратегиялық бастамаларды қалыптастыруға және іске асыруда белсенділік танытады деп сенеміз», — деп атап өтті Астана қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары Жаңасыл Шаукентаев.
Астана қаласы бойынша Өңірлік кадрлық резервіне іріктеуге 297 адам қатысқан. Канидаттар Кадрлық комиссия айқындаған 4 негізгі сала бойынша құжаттарын тапсырды. Олар: Әлеуметтік сала, экология, цифрландыру, тұрғын ұй коммуналдық шаруашылық және инфрокұрылым салалары.
Іріктеудің Заңнаманы білуге арналған тестілеу кезеңіне 262 кандидат қатысты. Оның ішінде ең жоғарғы нәтиже көрсеткен 142 үміткер келесі кезеңге жіберілді. Жеке қасиетерін бағалау кезеңінен сәтті өткен 62 кандиадат құзыреттін бағалау кезеңіне жіберілген болатын.
Заңнаманы білуге арналған тестілеу, жеке қасиеттерін бағалау және құзыреттерді бағалау кезеңдері Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекетік басқару Академиясының базасында өтті.
Тәуелсіз асессорлармен құзыреттерді бағалау қорытындысы бойынша құрылымдық сұхбат кезеңіне 51 кадидат жіберілді. Құрылымдық сұхбат кезеңінде кандидаттар өздері таңдаған салалық бағыттар бойынша жобаларын ұсынды.
26 тамызда өткен комиссия отырыстың қорытындысы бойынша ең жоғары балл жинаған 30 кандидатты Астана қаласының Өңірлік кадрлық резервіне қабылдады.
Резервшілер Өңірлік кадрлық резервке Жарлыққа сәйкес, 2 жыл мерзімге қабылданды және Өңірлік резервке қабылданған адамдар сайланатын лауазымдарды қоспағанда, жергілікті атқарушы органдарда «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурссыз орналаса алады.
Өңірлік кадр резерві — жастарға берілген мол мүмкіндік. Бұл жоба арқылы жастар болашақ көшбасшылар командасының құрамында болып Астана қаласының дамуына және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға өз үлесін қоса алады.