Астана қаласының жылыту маусымына дайындық басталды
Бүгінде елорда да ауа-райы температурасы төмендеп келеді. Жылу энергиясымен қамтамасыз ететін мекемелер Астана қаласында жылыту маусымының күзгі-қысқы дайындық жұмыстарының басталып кеткенін хабарлайды.
Биыл жазғы кезеңде жылыту маусымына дайындық шеңберінде «Астана-Энергия» АҚ негізгі жабдықты жаңарту және жөндеу бойынша елеулі жұмыстар жүргізілгенін мәлімдеді. Күрделі жөндеу компанияның әртүрлі энергетикалық блоктарындағы 5 қазандық агрегаты мен 2 турбоагрегатта жүргізілген. Биыл энергия жабдықтары, ғимараттар мен құрылыстарға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген, бұл жылыту жүйесі жұмысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етеді. Алдағы 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымына дайындық аясында «Астана-Энергия» АҚ күрделі жұмыстар мен негізгі жабдықтарды жаңартқан.
2024-2025 жылдардағы қысқы-күзгі кезеңге дайындық аясында қарастырылған мәселелердің бірі — дайындықтың бірінші кезеңінде 55 жылу магистралі мен тарату желілерін тығыздық пен беріктікке тексеру мен сынақ жұмыстары болды. Сынақтан өткен 55 жылу магистралі жалпы жылу магистралі көлемінің 100% құрайды екен. Сондай-ақ 14 сорғы станцияларында және 1 жылу пунктінде жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүргізілген. Дайындықтың маңызды бөлігі сонымен қатар 1217,95 м ұзындықтағы жылу желілерін ағымдағы жөндеу және эксплуатацияға беру болды.
Қазіргі таңда әлеуметтік сала мен тұрғын үй нысандары: Тұрғын үй қоры 3357 үй – 98 %, денсаулық сақтау саласының 36 нысаны – 100%, білім саласының 186 нысаны – 99 %, мәдениет саласының 15 нысаны – 100 % дайын. 2024-2025 жылғы қысқы кезеңге арналған жылудың жалпы қуаты 4 104 Гкал/сағ құрайды.
Жылыту маусымына дайындықта маңызды жұмыс — отын қорын дайындау болып табылады: жабдықтардың ақаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін көмір мен мазут қоры қажетті деңгейде болуы қадағаланады. Осы процестің шеңберінде көмірмен, мазутпен және газбен жабдықтау электрмен жабдықтау станцияларында авариялық резервтік және жедел іс-шаралар талаптарына сәйкес қамтамасыз етіледі. Ал жаңа технологияларды енгізу жылу жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін әртүрлі энергия көздерін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, инвестициялық бағдарлама аясында 10 нысанда ұзындығы 8580 м жаңа трасса салынып, қазіргі таңда бұл жұмыс көлемі 100% орындалған.
Жылыту маусымына дайындық барысында жүргізілген жұмыстар мен инвестициялардың, қабылданған шаралардың нәтижесінде «Астана-Энергия» АҚ жылумен жабдықтау мен жылыту жүйесі алдағы 2024-2025 жылдардағы жылытудың күзгі-қысқы кезең жұмыстарына толық дайын.