Астанада консулдық мәселелер бойынша қазақ-өзбек сімаралық консультациялар өтті

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан мен Өзбекстанның сыртқы саяси ведомстволары арасында екі мемлекеттің құзыретті органдары өкілдерінің қатысуымен консулдық мәселелер бойынша кезекті консультациялар өтті.
Қазақ делегациясын СІМ Консулдық қызмет департаменті директорының орынбасары Ырысқали Дәуренбек, ал өзбек делегациясын СІМ Консулдық-құқықтық департаменті директорының орынбасары Вахит Турсунов басқарды.
Конструктивті және достық атмосферада өткен консультациялар барысында тараптар консулдық саладағы екіжақты қарым-қатынастардың жай-күйін талқылады. Атап айтқанда, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, оның ішінде азаматтық мәселелеріне, сондай-ақ екі ел азаматтарының өзара сапарларының шарттарына ерекше назар аударылды.
Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар консулдық қатынастардың барлық салалары бойынша ынтымақтастықты одан әрі нығайту жөнінде ниеттерін растады.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі