Астанада XII Халықаралық «Антиконтрафакт» форумы басталды
«Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңында билік, бизнес, ғылым және БАҚ-тың 500-ден астам өкілдерін жинаған «Антиконтрафакт» XII Халықаралық форумы өтуде.
Биыл форумға Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдердің, Өзбекстанның, Тәжікстанның, Нигерияның және Швейцарияның делегаттары қатысуда. Форумды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, Еуразиялық экономикалық комиссия және «Антиконтрафакт» Халықаралық қауымдастығы ұйымдастырды.
Форумды ашқан Әділет министрі Азамат Есқараев аталған іс-шараның маңыздылығын атап өтіп, барлық қатысушыларға алғысын білдірді.
Форум барысында қатысушылар авторлық құқықтардың, зияткерлік меншіктің, тауарларды цифрлық таңбалау мен қадағалаудың, желідегі сауданы бақылауды арттырудың, темекі және алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымы проблемаларының, фармконтрафактінің, стандарттаудың, тауар белгілеріне құқықтардың, брендтерді жылжытудағы географиялық көрсеткіштердің рөлінің, сондай-ақ БАҚ-ты контрафактіге және бұрмалауға қарсы іс-қимылға тарту туралы негізгі мәселелерді көтереді.
Форумды мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысатын «қауіпсіздік кеңістігі: ЕАЭО-ның Контрафактісіз және бұрмалаусыз болашағы» тақырыбында пленарлық отырыс ашады. Форум сессиялары министрліктердің, ведомстволардың, Бизнестің, құқық иелері мен тұтынушылар қауымдастықтарының, сондай-ақ кәсіби қауымдастықтар мен БАҚ өкілдерінің сарапшыларын біріктіреді.