«АТАМЕКЕН» көрмесінің ашылуы өтті
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінде Тәуелсіздік күніне орай «Тұмар-Арт» суретші-педагогтар қауымдастығы мен олардың дарынды шәкірттерінің бірлесіп ұйымдастырған «АТАМЕКЕН» көрмесінің ашылуы өтті.
Көрмені Орталық музей директорының орынбасары Анна Викторовна Кущенко ашып, көпшілікті Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Ол өз сөзінде көрмеге қатысушылардың елдің мәдени өміріне қосқан үлесін жоғары бағалап, жаңа буын суретшілерінің жетістіктері Қазақстан өнері мен мәдениетінің болашағына зор ықпал ететінін айтты.
Сонымен қатар, көрме ұйымдастырушылары Еуразиялық шығармашылық одағының мүшесі, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Друг детство» медалімен марапатталған Саванькина Лариса Владимировна мен Алла Кобрина «Тұмар-арт» қауымдастығының қатысушыларына және оқушыларға музей атынан алғыс хат табыстады.
«Тұмар-Арт» қауымдастығы жылдар бойы өнер әлемінің байлығын көрсететін көптеген жарқын әрі маңызды іс-шараларды ұйымдастырып келеді. «АТАМЕКЕН» көрмесі қауымдастықтың өнер мен эстетикалық тәрбиені дамытуға үлес қосып келе жатқан бес жылдық қызметінің жарқын қорытындысы.