Азия чемпионатының шахматшылары «Қайратпен» футбол ойнады

Шахматтан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатына жиналған қатысушылар Алматыда шахмат шеберлігін шыңдап қана қоймай, қызықты уақыттарын өткізуде. 15 маусымда Қазақстан шахмат федерациясы «Қайрат» ФК-мен бірлесіп, клубтың резервтік алаңында қатысушылар үшін іс-шаралар ұйымдастырды.

Азияның жас шахматшылары мен Алматының спорттық символы «Қайрат» жастар құрамасы арасындағы жолдастық кездесу 100-ден астам балалардын басын қосты. Қатысушылар командаларға бөлініп, бірге футбол ойнап, шахматтан жарысты. Шараның қызық сәттердің бірі  – Азия чемпионатының ең кішкентай қатысушылары Алматының бас футбол командасының қақпасына пенальти соғуы.

Сайыс шахматшыларға жағымды эмоциялар беріп, алдағы ойындарға ынталандырды. Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен және Freedom Holding Corp. бас серіктестігімен KazChess ұйымдастырған жасөспірімдер арасындағы 26-шы Азия чемпионатында классикалық жарыстар жалғасуда (швейцариялық жүйе бойынша 9 тур).

Жуырда рапид бойынша жеңімпаздар белгілі болды, Қазақстанның қоржынында 4 алтын бар. 20 маусымда таңертең финалдық блиц жарысы басталып, сол күні кешке жабылу салтанаты өтеді, онда биыл 650-ге жуық қатысушының басын қосқан Чемпионаттың жеңімпаздары марапатталады.