Азия-Тынық мұхиты ойындарының төртінші күні: Қазақстан құрамасы 14 медаль жеңіп алды
Малайзияда өтіп жатқан Азия-Тынық мұхиты ойындарының төртінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасы 4 алтын, 6 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды.
Дзюдодан Қуандық Шадияр (-73 кг) мен Алтынбек Кәкітаев (-60 кг) Азия-Тынық мұхиты ойындарының чемпионы атанды. Айым Жетписбаева (-48 кг) мен Фериде Кара оглы (-52 кг) күміс жүлдеге ие болды. Ал Айгерим Абишова (-57 кг) мен Ерсін Болатов (-66 кг) қола медальді жеңіп алды.
Жеңіл атлетикадан Фаина Мейрманова (5 м 55 см) ұзындыққа секіруден және ерлер құрамасы 4х400 м эстафетадан (3 мин 26 сек 53 мс) Азия-Тынық мұхиты ойындарының жеңімпазы атанды. Бұл дисциплинада екінші орынды Малайзия (3 мин 28 сек 79 мс ) , үшінші орынды Иран мемлекеті (3 мин 29 сек 50 мс ) еншіледі. Эстафетада команда құрамында Юрий Сафронов, Даниил Щелоков, Қуаныш Қырықбай және Ерлан Суйеуалиев өнер көрсетті.
Онсайыста — Нурсұлтан Кулдеев (4665 ұпай), биіктікке секіруден — Владимир Беккер (1.84 м), 100 м кедергіден секіруден — София Колосова (18 м 39 см) және жеңіл атлетикадан әйелдер құрамасы 4х400 м эстафетада күміс жүлдеге ие болды (4 мин 38 сек 14 мс). Эстафетаға Яна Сибирякова, Анастасия Соловьева, Галина Алексеева және София Колосова қатысты.
Сонымен қатар, Галина Алексеева 800 метрге жүгіруден (2 мин 36 сек 99 мс), Анастасия Соловьева 10000 м жүгіруден (53 мин 22 сек 40 мс ) қола медаль жеңіп алды.
Оған қоса, 10000 м жүгіруден Виктор Баранов (36 мин 43, сек 96 мс), он сайыстан Рауан Бейсебай (4334 ұпай) төртінші орын алды. 110 м кедергіден секіруден Рауан Бейсебай (17 м 54 см), ұзындыққа секіруден Яна Сибирикова (4 м 76 см) бесінші және 100 м жүгіруден Қырықбай Қуаныш (11 сек 64 мс) жетінші орын алды. 800 м жүгіруден Ерлан Суйеуалиев (2 мин 13 сек 08 мс) сегізінші орынға тұрақтады.
Шахматтан классикалық ойын түрінің үшінші айналымы өтті. Спортшыларды алда тағы 4 айналым күтіп тұр.
Үстел теннисінен әйелдер және ерлер құрамасы командалық жұптық разрядттағы іріктеу кезеңінен және бадминтоннан ерлер мен әйелдер құрамасы командалық жекелей сыннан өте алмады.
Еске сала кетейік, жарыстың алғашқы күндері Қазақстан құрамасы шахмат, таеквондо және жеңіл атлетика спорт түрлерінен жалпы есепте 2 алтын, 6 күміс және 7 қола медаль еншілеген болатын.