“Backstreet Boys” алғаш рет Қазақстанда өнер көрсетеді

Қазақстан халықаралық event-туризмнің ордасына айналуда. Алғаш рет аты аңызға айналған “Backstreet Boys” тобы Астана және Алматы қалаларында өнер көрсетеді.

2025 жылғы 21 қыркүйекте “Астана Арена” стадионында құрамның барлық қатысушылары өнер көрсетеді: Ник Картер, Эй Джей Маклин, Хауи Доро, Кевин Ричардсон және Брайан Литрелл.

Көрермендер назарына I Want It That Way, Everybody (Backstreet ‘ s Back), as Long as You love Me, Show Me The Meaning of being Lonely, Shape Of My Heart тәрізді әлемге әйгілі хиттер және жаңа альбомдардың композициялары ұсынылады.

Астанадағы концерттің ұйымдастырушысы – “Astana Concert”. Компания продюсері Мәлік Хасенов билеттер сатылымы бойынша 14 шілдеде Freedom Bank қосымшасында 24 сағаттық пресейл өтетінін атап өтті. Ал 15 шілдеде сағат 12.00-ден бастап билеттерді Ticketon.kz сайтында сатып алуға болады. Онда 10 түрлі төлем жасау тәсілі қарастырылған.Билеттердің бағасы 40 мың теңгеден басталады

Backstreet Boys концертіне дайындық барысында Kazakh Tourism және Astana Concert ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

“Біздің компания жанынан жетекші туроператорлардың қатысуымен штаб құрылды. Олар туристер үшін концерт билеті мен басқа да туристік қызметтері бар арнайы пакеттік ұсыныстар әзірлейді. Бұл Дженнифер Лопес концертінің ұйымдастыруда өзінің тиімділігін көрсетті: тек Астанада 10 мың турист, Алматыда 8 мың турист келеді деп күтілуде”, – деп атап өтті қызметіндегі “Kazakh Tourism” ҰК” АҚ Жобаларды сүйемелдеу департаментінің директоры Әлішер Тұрсын Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында.

Атап өткен жөн, Astana Concert халықаралық жобаларды Қазақстанда жүзеге асыруда. Оның ішінде биылғы тамыз айында өтетін Дженнифер Лопестің қос концерті бар.