Бақтияр Адамжан әлемдік турне жасады

«Астана Операның» жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бақтияр Адамжан әлемдік турнені зор табыспен аяқтады. Гастрольдік бағдар Жапония, Австралия, Жаңа Зеландияның ірі сахналарын қамтыды. Қазан айында әртісті Қытайда күтеді, одан кейін қарашада БАӘ-де (Дубай) өнер көрсетуі жоспарланған.
Жетістік марафоны шілдеде басталып, Бақтияр Адамжан «Роберто Болле және достары» (Roberto Bolle and Friends) беделді жобасы аясында Жапонияның Осака қаласында сахнаға шықты. Кеш бірінші деңгейлі әлемдік жұлдыздардың басын қосты. «Экспо-2025» аясындағы өнер көрсетуге шақыруды әртіске италиялық тарап жолдаған еді.

Тамыз айы бойы Бақтияр Адамжан Жасыл құрлықта зор табыспен өнер көрсетуде. Ол мұнда Австралия мен Жаңа Зеландияның VI Ballet International Gala ірі балет жобасының хедлайнері атанды. Онымен бірге сахнада әлемнің түкпір-түкпірінен танымал бишілер, оның ішінде Яна Саленко мен жас балерина Эбби Хансен өнерлерін паш етуде.
Жоғары кәсібилігі мен дарыны қазақстандық премьерді барлық әлемде сұранысқа ие етеді. Әртістің бағдарындағы келесі ел Қытай болмақ. Қазан айында Бақтияр Адамжанды әлемдік деңгейдегі прима-балерина, Англия ұлттық балетінің бас бишісі Алина Кожокару арнайы шақырды. Оның авторлық кештері Макао, Шанхай, Бейжің және Гуанчжоу сынды аспан асты елдерінің ірі сахналарында өтеді. Ал қарашада Бақтиярды Дубайда күтеді, онда әртіс гала-концертте өнер көрсетеді.
Отандасымыздың шеберлігі мен харизмасының нәтижесінде Қазақстанның аты әлемдік аренада әйгіленіп жатқанын қоса айта кетуіміз керек.


