Баланың туу туралы куәлігіне SMS арқылы тапсырыс беруге болады
Баланың тууын проактивті форматта тіркеу 2017 жылдың желтоқсан айынан бастап қолжетімді. 2024 жылдын 7 айында Алматы облысында бұл қызметпен 2583 ата-ана пайдаланды.
«Тууды тіркеуге өтініш АХАТ-қа ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы автоматты түрде түседі. Бала туылғаннан кейін бірден анасына сәбидің туу туралы куәлігіне тапсырыс беру туралы SMS-хабарлама келіп түседі,» — деп хабарлады Алматы облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» филиалының баспасөз қызметі.
Филиалдың ақпараты бойынша барлық мәліметтер әртүрлі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен тартылады, ал жетіспейтіндер — көрсетілетін қызметті алушыдан SMS-хабарламалар арқылы сұратылады.
Осы қызмет түрін алу үшін электрондық үкімет порталының мобильді азаматтар базасында тіркелу жеткілікті.