Beeline мен Huawei қазақстандық компанияларға арналған бұлттық платформаны іске қосты

Hyper Cloud – бұл Қазақстандағы корпоративтік клиенттерге арнайы жасалған жаңа буынның бұлттық платформасы. Ол бизнеске қажетті нақты талаптарды ескеріп, сенімділік пен тұрақтылықты қамтамасыз етеді, халықаралық стандарттарға сәйкес келеді және деректер қауіпсіздігі бойынша жергілікті талаптарға жауап береді. Платформа Beeline Қазақстан экожүйесіне кіретін «Hyper Cloud Solutions» ЖШС компаниясымен ұсынылып, Huawei компаниясымен стратегиялық әріптестікте жасалған.
Hyper Cloud Solutions деректердің қауіпсіздігі, жедел масштабтау және ел ішінде цифрлық ресурстарды бақылау маңызды болып табылатын компаниялардың сұраныстарын шешуге бағытталады. Жергілікті орналастыру мен арнайы жобаланған архитектураның арқасында деректер толықтай Қазақстан аумағында қалады. Бұл ақпаратты сақтау мен киберқауіпсіздікке жоғары талап қоятын бизнес үшін ерекше маңызды.
«Біз Hyper Cloud платформасын қазақстандық бизнеске түсінікті әрі сенімді құрал ретінде құрдық. Бүгінгі таңда компаниялар үшін толық бақылау, икемділік және деректердің қауіпсіздігіне сенімділік маңызды. Әсіресе, сөз сезімтал ақпаратпен жұмыс туралы болғанда. Біздің платформа осы талаптарға сай келіп қана қоймай, қолжетімді әрі оңай масштабталатын болып қала береді», – деді Hyper Cloud Solutions директоры Станислав Ким.
Hyper Cloud тек дәстүрлі IaaS-шешімдерді ғана емес, кеңейтілген сервистердің ауқымды спектрін де қамтиды. Олардың ішінде деректерді басқару құралдары, бұлттық контейнерлер, дерекқорлар, резервтік көшіру жүйелері, киберқауіпсіздік саласындағы шешімдер, сондай-ақ ML/AI және IoT негізіндегі сервистер бар. Мұндай тәсіл компанияларға IT-ш шығындарын оңтайландыруға және күрделі әрі қымбат ендірулерсіз бизнес-процестерді жеделдетуге мүмкіндік береді. Huawei технологиялық базасына сүйене отырып, Hyper Cloud жоғары қолжетімділікті, икемді баптауды және күрделі архитектураларды қолдауды қамтамасыз етеді, – деп атап өтті компания өкілдері.
«Қазақстан бүгінде өңірдің негізгі цифрлық орталықтарының біріне айналып келеді, және бұл үдеріске қатысу – Huawei үшін үлкен мәртебе. Beeline-мен бірлесе отырып, біз Hyper Cloud платформасын іске қосамыз. Ол қазақстандық компанияларға инновацияларды жылдам енгізуге, қауіпсіздік деңгейін арттыруға және ұлттық нарықтағы позицияларын нығайтуға мүмкіндік береді», – деп бөлісті Huawei Қазақстанның бас директоры Сун Ясюй.
Hyper Cloud цифрлық трансформацияға, жаңа өнімдерді жедел іске қосуға және ұзаққа созылатын ендіру кезеңдерінсіз бизнес-процестердің тиімділігін арттыруға ұмтылатын компаниялар үшін аса қажет болады. Платформа шешімдерді нарыққа шығару уақытын айтарлықтай қысқартып, цифрлық ресурстарды басқаруды жеңілдетеді және басты мақсатқа – бизнестің тұрақты өсуі мен дамуына назар аударуға мүмкіндік береді.


