Бейжіңде Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы атап өтілді

Қытай астанасында Алматы облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен және Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен көрнекті қазақ композиторы, дирижері, Қазақстанның халық әртісі Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына арналған концерт өтті.
Композитордың өмірі мен шығармашылығына арналған «Әлқисса» атты концерттік бағдарламаның аясында «Келе жатыр құс қайтып», «Саржайлау», «Көңіл толқыны» және басқа да белгілі туындылар орындалды.
Құттықтау сөзінде Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. «Нұрғиса Тілендиев – қазақ мәдениетінің рухани белгісі. Оның мерейтойын Бейжіңде атап өту – халықтар арасындағы достықтың, өзара құрмет пен нәтижелі мәдени ынтымақтастықтың көрінісі», – деп өңір басшысы атап өтті.
Концерт бағдарламасына ұлы композитордың қызы Дінзухра Тілендиева жетекшілігімен «Сазген» және «Құланса» фольклорлық-этнографиялық ансамбльдері, Қазақстанның халық әртісі Секен Тұрысбеков, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Нұркен Әшіров пен Мәдина Садуақасова, сондай-ақ Алматы облысынан келген басқа де әртістер қатысты.
Іс-шара аншлагпен өтті, жалпы қонақтар саны 1000-нан астам болды. Қосымша Алматы облысының қолөнер шеберлерінің және азық-түлік өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігі