Білім беру объектілерінде температуралық режимді сақтау

Жетісу облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен жылыту маусымы кезеңінде халық арасында тұмаудың және басқа да жіті респираторлық вирустық инфекциялардың таралуын алдын алу мақсатында Жетісу облысындағы білім беру және тәрбиелеу, денсаулық сақтау және әлеуметтік маңызы бар объектілерде апта сайын температуралық режимнің сақталуына сыртқы мониторинг жүргізіледі.
Аталған объектілерде микроклиматтың оңтайлы және рұқсат етілетін көрсеткіштердің сақталуын қадағалайтын жауапты тұлға апта сайын Департменттің аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына температуралық режим параметрлері туралы мәліметтер жолдап отырады.
Ауаның температурасын бақылау үшін білім беру ұйымдарының ойын, оқу және жатын үй-жайларында, балаларды тәрбиелеу және олардың тұратын орындарында, сондай-ақ медициналық пункт үй-жайларында термометрлер орнатылады.
Білім беру және тәрбиелеу объектілеріндеші микроклиматтың оңтайлы параметрлері: демалу және оқу сабақтарына арналған үй-жайлардағы ауа температурасы: +20-22℃, бөбекжай және кіші топтарға арналған топтық шешіну орны: +21-23℃, бөбекжай және кіші топтарға арналған жатын бөлме: +20-22℃, орта және мектепке дейінгі топтарға арналған шешіну орны мен жатын бөлмелері: +19-21℃, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы: 60%-дан жоғары емес, ауа қозғалысының жылдамдығы: 0,1 м/с аспауы қажет.
Сонымен қатар, мектептердегі сабақтар мен балабақшалардағы серуендер арасында яғни, балалар балалар болмаған кезде мерзімді желдетуді жүргізу туралы ұмытпау қажет.
Құрметті Жетісу облысының тұрғындары мен қонақтары, мектептерде, балабақшалар мен ауруханаларда температуралық режимдер сақталмаған жағдайда, Сіз «Е-өтіш» электрондық порталы арқылы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау Департаментіне және оның аумақтық басқармаларына растайтын материалдарды (фото, видео) қоса бере отырып, өтінішпен жүгінуге құқылысыз.
Самат Ахметов,
Жетісу облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары.


