Білім сапасы — ұлт дамуының негізі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті — Қазақстандағы жетекші жоғары оқу орындарының бірі. Университет еліміздің білім, ғылым және инновация саласындағы көшбасшысы ретінде сапалы білім беруді өз миссиясының басты бағыты деп санайды. БҰҰ-ның бастауымен алғаш рет «тұрақты даму» концепциясы ұсынылды. «Тұрақты даму мақсаттары» – қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне қауіп туғызбайтын даму. Тұрақты даму мақсаттары концепциясының 4 бөлімі – «сапалы білім» екенін ескере отырып, оқу ордамыз білім беру бағдарламаларын әлемдік стандарттарға сәйкестендіріп, шетелдік университеттермен серіктестік орнатып келеді. Университет оқу жоспарларын халықаралық стандарттарға сәйкестендіріп, заманауи талаптарға бейімдейді. Әлемдік жетекші оқу орындарының тәжірибесін ескере отырып, білім беру бағдарламалары жаңартылып отырады. Оқу ордамыз заманауи цифрлық технологияларды оқу үдерісіне белсенді түрде енгізуде. Онлайн курстар, қашықтықтан білім беру платформалары және интерактивті оқыту әдістері студенттердің білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуде. Университетте ғылыми-зерттеу жұмыстарының дамуына ерекше көңіл бөлінеді. Студенттер мен оқытушылар ғылыми жобаларға белсене қатысып, халықаралық деңгейдегі зерттеулер жүргізуде. ҚазҰУ әлемнің жетекші университеттерімен әріптестік қарым-қатынастар орнатып, қос дипломдық бағдарламалар, академиялық ұтқырлық және тәжірибе алмасу жобаларын жүзеге асырады. Университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы – өз саласының кәсіби мамандары. Олар заманауи оқыту әдістерін меңгеріп, студенттерге сапалы білім беруді басты міндет санайды. Сапалы білім тек жеке адамның кәсіби және рухани дамуына ықпал етпейді, ол бүкіл қоғамның өркендеуіне негіз болады.
Қазіргі уақытта білім саласы бәсекеге қабілеттіліктің өлшеміне айналып отыр. Әлемдегі көшбасшы елдер ең алдымен білім мен ғылымды дамытуға күш салып, зор жетістіктерге жетуде. Осы орайда университеттің өркендеуіне заң факультеті азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасы өз үлесін қосуда. Кафедрамыз сапалы білім беріп,сапалы мамандар дайындауды басты назарға алды. Сапалы білім тек теорияны үйретіп қана қоймай, оны нақты өмірде қолдануға бағытталған практикалық дағдыларды да қалыптастырады. Кафедрамыздың профессорлық-оқытушылар құрамы студенттерге білімді тәжірибеде қалай қолдануға болатынын көрсетіп, мықты маман болуға күш салуда. Оқу ордамыз сапалы білім беруді дамыту арқылы Қазақстанның болашағына үлес қосуды көздейді. Инновациялық әдістер, заманауи технологиялар мен халықаралық ынтымақтастық университеттің әлемдік білім кеңістігінде бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз етеді. Білім – ұлт болашағының негізі, ал ҚазҰУ сол болашақтың жарқын болуына өз үлесін қоса береді.
Урисбаева А.А.
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының аға оқытушысы