Биыл Тимур мен Динара Құлыбаевтар Халық банкінен тағы 375 миллиард теңге ала алады
2022 жылдың қорытындысы бойынша «Қазақстанның Халық банкі» АҚ таза пайдасы 539,2 миллиард теңгені құрады. Бірақ бұл әлі аудиттелмеген көрсеткіш, мұндай мәліметтер Ұлттық Банктің шоғырланған статистикасында ғана бар, — деп хабарлайды DALA INSIDE Telegram-каналы.
Өткенде Халық банкі Тимур мен Динара Құлыбаевтарға 2021 жылдың табысы есебінен 96 миллиард теңгені төлеп біткен еді. Халық банкінің 69,52% үлесі «Алмэкс» холдингі арқылы Тимур мен Динара Құлыбаеваға тиесілі. Ал 28,51 пайызын Лондон қор биржасындағы инвесторлардың атынан The Bank of New York ұстап отыр. Ал Kaspi Bank басшысы (СЕО) Михеил Ломтадзе 84 миллиард теңгені дивиденд ретінде ала алады. Былтырдың нәтижесі бойынша қызыл банк 361,7 миллиард теңге таза кіріс көрді. «Kaspi Bank» акционерлік қоғамына акциялары Лондон қор биржасында (LSE) саудаланатын Kaspi.kz технологиялық алпауыты иелік етеді. Осы алпауыттың 24,55% акциясы Ломтадзенің қолында.