БҚО су тасқынына қарсы шараларды күшейтті

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтың төрағалығымен төтенше жағдайдың алдын-алу жөніндегі штаб отырысы өтті. Отырыс барысында су тасқынына қарсы атқарылып жатқан жұмыстар пысықталды.

Облыс әкімі тиісті сала мамандары мен аудан әкімдерінің су тасқынының алдын алу бойынша атқарып жатқан жұмыстары туралы ақпараттарымен танысты.

Казгидромет мамандарының айтуынша Батыс Қазақстан аумағында осы күндері күн тез жылып, қар еру процесі арта түседі.

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев осы ретте, Орал қаласы және аудан әкімдеріне қар тазалау және қар суын сору жұмыстарын күшейту, кезекшілік ұйымдастыру, қажетті техникаларды дайындау және т.б шараларды күшейтуді тапсырды.

Сонымен қатар, өңір басшысының тапсырмасы аясында облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары және облыс әкімдігі қызметкерлері аудандарға жағдайды бақылау бағытында іс-сапармен шығатын болады.

Нариман Төреғалиев су тасқынының алдын алу жұмыстарын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Telegram-канал: БҚО су тасқынына қарсы шараларды күшейтті