Болашақ түлектермен тікелей эфирде әлем университеттері байланысқа шықты

NIS-те жоғары сынып оқушылары асыға күткен CIS University Exploration day Eurasia  жәрмеңкесі өтті. Әлемнің қырықтан астам жетекші университеттері  тікелей байланысқа шығып зияткерлерді  оқуға қабылдайтын талаптары , багдарламалары, грант алу мумкіндіктері мен қабылдау ережелерімен таныстырды.

– Бір жыл бойы   Зияткерлік мектептер мүшелік ететін  CIS (Халықаралық мектептер ұйымы) әлемнің танымал университеттерімен  келісіп   осы жәрмеңкені әзірледі. Өздеріңіз таңдаған жоғары оқу орындарының өкілдері сіздердің сұрақтарыңызға жауап береді. Толық ақпарат алып, барынша мәлімет жинап алуға тырысыңыздар ,– деп бастады шараны Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы NIS-тің кәсіби бағдар беретін маманы Жаннұр Саидмұратова.

Болашақ мамандыққа тікелей байланысты бейіндік пәндерді тандаған  10-сынып окушылары шараға белсенді катыскандардың бірі болды:

— Мен   жәрмеңкеге жеке кабинетім арқылы  кірдім,  Гонконг, АҚШ   университетеріне байланысқа шықтым. Жалпы өзімді  қызықтыратын    CityU, Drexel университеттерінің  тусу шарттары бойынша, басқа да мені толғандырған  сұрактарға жауап алдым.  Ұйымдастырушыларға осындай  мүмкіндік ушін алғысымды білдіремін, — деп бөлісті 10-сынып окушысы Мирас Бекетбай .

— Жәрмеңке өте пайдалы және мазмұнды болды. Университеттер хабарламаларға      міндетті түрде байланысқа шығып  жауап беріп отырды. Мені Еуропа мен Азияның   университеттері қызықтырады, бірақ жәрмеңкеде байланысқа шыққан оқу орындарының көп бөлігі  АҚШ пен Ұлыбританиядан болды. Дегенмен  жәрмеңке университет өкілдерімен жеке сөйлесу мүмкіндік бергенімен ұнады. Мен  болашақ мамандығым бойынша оқу ерекшеліктері туралы сұрақтар қоя алдым, енді білім беру жүйелерінің айырмашылықтарын түсіндім, – деп бөлісті 11 сынып оқушысы Анастасия Черезова.

 Жәрмеңке қатысушыларынын қатарында CIS мүшелері болып табылатын АҚШ, Канада, Еуропа, Азияның жетекші университеттері болды, соның ішінде   University of Glasgow, University of Waterloo, CityUHK, University of Leeds, University of Exeter, Fordham University және т.б.

Шара    Зияткерлік мектептерінің  серіктестері-танымал шетелдік университеттері мен Назарбаев Университетінің   мерчтер жәрмеңкесімен жалғасып, кездесуге тіркелген оқушылар кездейсоқ сан ойыны тәсілімен сыйлықтарға ие болды.