Бұрын-соңды болмаған жаңа шоу — «Шырша Land»
Жаңа жыл мерекесінің қарсаңында Алматыда 28-29 желтоқсанда «Шырша Land» ең үлкен инновациялық шоуы өтеді. Көрермендер болашақ атмосферасына енеді.
Olympic SHOW компаниясының негізін қалаушы Дина Қыстаубаева жаңа жылдық шыршаны тойлаудың басқа бағытын ұсынады.
«Жобаның идеясы көптен бері санамды. Әрі биыл қатарымызға жаңа жұлдыздар қосылды. Біз ең алдымен балаларға пайдалы әрі қызықты форматты ұсынуға бел будық. Біз біраз зерттеп, жас алматылықтармен әңгімелесіп, олардың қандай шоуға барғылары келетінін білдік. Жаңа жыл — әрқашан сиқыр, ғажайыпты күту, сыйлықтарға толы кезең. Сол үшін біз тек қызықты көрініс қана емес, көрермендерге инновациялық технологиялар, болашақ мамандықтары бойынша шеберлік сабақтары, квест, мұз ертегілері, пайдалы кеңестерді дайындап қойдық. Барлығының көңілінен шығады деген ойдамыз. Біздің жобаға сенгені үшін басты серіктесіміз Visa-ға рахмет. Бізге қолдау көрсеткен басқа компанияларға да алғыс айтамын», — деп атап өтті Дина Қыстаубаева.
«Шырша жері» жаңа мұз шоуы дәстүрлі шыршаға балама болмақ. Көрермендер жас, бірақ дарынды сценарист Александр Дубовик ойлап тапқан қызықты сюжетті табады. Ал идеяны танымал режиссерлер Надежда мен Андрей Еремина жүзеге асырды.
«Біздің шығармашылық ұжым өте белсенді. Көрермендерге қуаныш сыйлап, олардың ғажайыптар сыйлауға дайын тұр. Әртістердің барлығы дарынды, импровизацияға құмар. Қойылым барысында көрермендермен қарым-қатынас көп болады. Әртістер коньки теуіп қана қоймай, ән айтып, би билеп, акробатикалық трюктар орындайды», — дейді Надежда Еремина.
Ертегі тек мұзда ғана емес, сахна мен залда да өрбиді. Көрермендер өздерінің сүйікті мультфильм кейіпкерлерімен кездеседі. «Мұзды өлке» («Холодное сердце») мультфильміндегі апалы-сіңлілері Эльза (София Коваленко) мен Анна (Кристина Тимошенко), сұлу Моана (Гауһар Наурызова) Аяз ата (Әділ Жарболов), Тор (Асанәлі Жәкішев), Өрмекші адам (Мелис Хакимов), Қар барысы (Нұрия Қамысбай), көңілді аққала Олаф (Алдар Молдабаров), Жұлдызды лорд (Элисей Волков) көрермендерге қызықты тосын сый сыйлауға дайын тұр.
«Шоуға мәнерлеп сырғанаушылар, акробаттар, бишілер және көркем гимнасттар секілді бас-аяғы 25 әртіс қатысады. Шығармашылық топтың негізгі құрамы Алматы қаласының азаматтары. Сондай-ақ, Өскемен, Қарағандыдан келген жандар бар. Олар бізге дайындық кезінде қосылды. Қатысушылардың барлығы халықаралық аренада ел намысын қорғап жүрген чемпиондар», – дейді атқарушы продюсер Ажар Жұмаханова.
Шоу 28-29 желтоқсанда Алматы Аренада өтеді. Толық ақпаратты ресми сайттан табуға болады.