CEBC Қазақстанның технологиялық индустриясын таныстыру мақсатында GDTE шарасына келді

Қытай-Еуразиялық Іскерлік Кеңесі (CEBC) Ханчжоуда өтіп жатқан Үшінші жаһандық цифрлық сауда көрмесіне (Global Digital Trade Expo) арнайы келіп, серіктестік байланысын орнатуда келіссөздер жүргізді.

Сапардың басты мақсаты — инновациялық қытайлық кәсіпорындармен серіктестік орнату мүмкіндіктерін іздеу болды.

Делегация Қытайдың жоғары технологиялар, цифрлық трансформация және инновациялар саласындағы алдыңғы қатарлы тәжірибесін зерттеп, осы салалардағы бірлескен жобаларды дамыту үшін жергілікті компаниялармен байланыс орнатуға ұмтылды.

Сондай-ақ, көрмеде Қазақстан өкілдері Alibaba, Hikvision, BYD, Tencent және басқа да қытайлық технологиялық алыптармен танысу мүмкіндігіне ие болды. Делегация мүшелері танымал компаниялармен ынтымақтастық жолдарын талқылап, цифрлық технологиялар, жасанды интеллект және автоматтандыру саласындағы алдыңғы қатарлы әзірлемелермен танысты, сондай-ақ бірлескен жобалар құру және қазақстандық технологияларды қытай экожүйелеріне интеграциялау жоспарларын белгіледі.

Бұл сапарлар мен кездесулер Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық байланыстар мен инновациялық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етіп, екі елдің компаниялары үшін жаңа мүмкіндіктер ашуда.

Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев бастаған қазақстандық делегация Қытайдағы Global Digital Trade Expo үшінші көрмесіне қатысып, халықаралық аренада цифрлық экономика саласындағы өз амбицияларын көрсетті.

Ғазиза Ұзақ

Ханчжоу